2024 жылдың маусым айында ҚР-да 10,9 мың пәтер пайдалануға берілді, бұл былтырғы маусыммен салыстырғанда 19% кем. Көрсеткіш 2020 жылдан бері осы айдағы ең төменгі деңгей.
Осыған ұқсас бесжылдық минимум екі ірі қалада тіркеліп отыр: Алматыда (2,1 мың бірлік, 2023 жылдың маусымымен салыстырғанда 29% аз) және Астанада (3,2 мың бірлік, 29% аз).
Бірақ жартыжылдықты тұтастай алсақ, көрініс керісінше – рекордтық деңгейге жетеді, оған көбіне наурыз айының көрсеткіші ықпал етті.
Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 51,4 мың пәтер пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш 2014 жылдан бергі кезеңдегі ең жоғары мән.
Сол сияқты, Алматы мен Астанада да І жартыжылдықта тиімінше шамамен 12 және 20 мың пәтер пайдалануға берілген, бұл да рекордтық көрсеткіштер.
Айта кетейік, статбюроның бұл мәліметтері жеке құрылысты есепке алмайды.