Жыл басынан бері қазақстандық әуе компанияларымен 5,5 миллионға жуық жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

ҚАА мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% артық.

Бүгінгі таңда ішкі әуе қатынасын аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша алты авиакомпания жүзеге асырады.

Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін еліміздің тоғыз өңірінде 19 ішкі әуе бағыты субсидиялануда.

 Халықаралық рейстерге келетін болсақ, аптасына 619 рейс жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге рейстер орындалады.