Бір жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда жаңа облыстар пайда болды. Оларға инвестиция құйылып жатыр ма? Соны анықтап көрейік.
Ай сайынғы инвестицияның өсу тенденциясы жаңа үш өңірдің бірі – Абай облысында ғана байқалады.
2022 жылдың маусымынан бастап (бұрынғы деректер жоқ) индикатор әр уақытта дерлік артқа қарай жылжып келеді. Бұл ішінара жыл мезгіліне де байланысты. Алайда маусымда сәуірмен салыстырғанда инвестиция көлемі 5,5 есе өсті (18,3 млрд теңгеден 101,4 млрд теңгеге дейін). Небәрі 13 айда облысқа 547,8 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл қаражаттың шамамен бестен бір бөлігі – 116,6 млрд теңге мемлекетке тиесілі.
Жетісу өңірінде мұндай көрсеткіш жоқ. 13 айдағы көрсеткіш Абай облысындағыдан екі есе дерлік аз – 308,2 млрд теңге қаржы тартты. Бұл ретте кірістің 40%-дан астамын мемлекет (130,5 млрд теңге) қамтамасыз етті. Әзірге оптимизмге себеп жоқ. Маусым айында көрсеткіш 28 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда шамамен 18% немесе 6,1 млрд теңгеге төмендеді.
Ұлытау өңіріне 180,9 млрд теңге ғана салынды. Жеке бизнестің салған инвестициясы Жетісудағымен шамалас болса, мемлекеттің үлесі тым төмен. Мемлекеттің үлесі 11% ғана (20,1 млрд теңге). БАсқа өңірлердегідей маусымда көрсеткіш азайды, шамамен 45% (22 млрд теңгеден 12,2 млрд теңгеге дейін).
Жалпы барлық өңірлер арасында Ұлытау мен Жетісуға салынған инвестиция тым төмен, тек Абай облысында ғана жаман емес, оның өзі 20 өңірдің ішінде 6-орында.