2020 жылдың I тоқсанында тау-кен, өңдеу, құрылыс, сауда, және көлік және қоймалау саласында бәсекелестік артты.
Ұлттық банктің жасаған сауалнамасына сүйенсек, аталған бес саладағы ірі және орта бизнес субъектілері үшін ең үлкен қатер төндірген Қазақстан экономикасының құлдырауы болған. Саулнамаға қатысқан әрбір үшінші компания экономиканың құлдырау кесірінен компания табысынан айырылуы мүмкін екенін айтқан.
Салаларға жекелей тоқталар болсақ, сауда саласы үшін ең үлкен қауіп бәсекелестіктің тым күшеюі, ал өңдеу өнеркәсібі дайын өнімге сұраныстың төмендігіне шағымданған.
Аталған салалардағы ірі және орта бизнес үшін қаржыландырудың ең негізгі көзі компанияның өзіндік қаражаты. Алайда, жыл басынан бері құрылыс саласына ұсынылған инвестиция көлемінің айтарлықтай өскенін хабарлайды бас банк.
Сонымен қатар валюта бағамының өзгеруі де бизнес үшін ауыр тиді. өңдеу өнеркәсібіндегі компанияларлың 64,4 пайызы рубльді пайдаланса, сауда саласындағылардың 56,3 пайызы Ресей валютасын қолданады.
Ал тау-кен саласындағы бизнестің 64,2 пайызы АҚШ долларымен есеп айырысады екен.
Теңгені көп пайдалатын сала көлік және қоймалау. Оның өзінде көрсеткіш 19 пайыз ғана.
Банктердің неселеу шарттары көлік және қоймалау саласынан бөлек барлық сала үшін нашарлаған.
Банктерге берешегі ең көп сала тау-кен болса, қарызға ең көп кірген сала өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау. 90 күннен асып кеткен берешектің ең жоғары үлесі де өңдеу саласына тиесілі.
Аталған салалардың барлығы жұмысшыларын қысқартқан немесе жалақыларын төмендеткен.