Мамыр айының қорытындысы бойынша сыртқы сауда балансы 2,5 жыл ішінде ең төменгі деңгейде болды. Өйткені экспорт азайып, импорт өсуде.
Статистика бюросының мәліметінше, мамыр айында Қазақстан шетелге 6,1 млрд доллардан сәл астам сомаға тауар сатқан. 2022 жылдың наурызынан бері (Украинадағы соғыстың басталуы), бұл көрсеткіш тек бір рет төмен болды (2023 жылдың қаңтарында – 5,9 млрд). Салыстыру үшін: 2022 жылдың мамырында экспорт 7,7 млрд доллар, сәуірінде 6,8 млрд доллар болған.
Импорт, керісінше, тарихи биіктерге жақын. Мамыр айында шетелден 5,3 млрд долларға жуық тауар сатып алынды (2022 жылдың желтоқсанында және 2023 жылдың наурызында одан да көп).
2022 жылдың мамырында. импорт шамамен 4 млрд долларды құрады, ағымдағы сәуірде – 5 млрд доллардан сәл аз.
Нәтижесінде айдың соңында экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық 855,2 млн дрлларды құрады, бұл 2020 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш.