EXPO 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан павильонының жалпы шығыны 8 млрд теңге болды. Бұл туралы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, ҚР секциясының бас комиссары Аллен Шәйжүнісов осылай деді.
"Павильон құрылысына бюджет үш жыл бұрын қарастырылған. Бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. Оған 3400 шаршы метр павильон салынды. Ал 2015 жылғы көрмеде бюджет бұдан көп болған ал павильон аумағы 2000 шаршы метр болған еді. Басқа елдермен салыстырдық. Беларусь 20 млн доллар жұмсады. Олардың павильондарының аумағы 2,5 мың шаршы метр. Ресей 4 мың шаршы метрге $40 млн жұмсады", деді.
Бұл сомаға электр қуаты, сумен қамту, жалақы, тазалау мен күзет қызметтері де кіреді.
Ал павильонға кеткен ақшаны қайтару туралы, спикердің айтуынша, павильонды Қазақстанға әкеп қайта құрастыруға болады.
"EXPO 2020 Dubai ұйымдастырушылары Қазақстан павильонын сақтап қалу туралы ұсыныс айтты. Мұнда сауда өкілдігі немесе Таяу Шығыстағы отандық компаниялардың кеңсесі етуге болады. Сонымен қатар павильон елдің туристік әлеуетін де таныстырады", дейді.
"Біздің павильонда 30-дан астам шара жоспарланған", деді.