Қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсеке соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілді. Олар дәстүрлі банк ретінде шектелмей, цифрлық трансформацияға көңіл аударды. Соның ішінде банк қызметін цифрлы мемлекеттік қызметтермен біріктіру арқылы құрылған жаңа бизнес модель халық арасында жоғары сұранысқа ие.
Қазақстандық банктер цифрлық экожүйеге айналып жатыр
Жоғарыда атап өткеніміздей, қазір тек несие беріп, депозит жинаумен айналысатын банк – автоматты түрде бәсекеге қабілетсіз қаржы институты атанады. Сондықтан олар өмірдің кез келген саласымен бітеқайнасу мақсатында озық технологияларды қолданып жатыр.
Қазір адамдар үшін саяхаттау, денсаулық сақтау, киім таңдау, тамақ жеткізу, көлік жөндеу, өзінің және отбасының басқа да қажеттіліктері бойынша сервистерді тұтыну өте маңызды. Банктер осы бағыттардың барлығын игеруге тырысуда. Сарапшылардың айтуынша, қаржы институттары ендігі кезекте қаржылық қызмет көрсетумен шектеліп қалмай, клиенттердің өмірлік қажеттіліктерін де басты бағдар етуі тиіс. Бұл ретте Freedom Finance тәжірибесін мысалға келтіре аламыз. Банк цифрлы экожүйені алғашқылардың бірі болып енгізді және өз клиенттерінің көңілінен шығу үшін уақыт пен энергияны үнемдейтін, сонымен қатар сапаны алдыңғы планға шығаратын қызметтер топтамасын жүзеге асыра бастады.
Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турловтың айтуынша, соңғы үш жылда Freedom Finance бірегей цифрлы өнімдер ұсынуды мақсат ететін кешенді экожүйені дамытудың жаңа деңгейіне көтерілді. Холдинг кейстері халықаралық бизнес-қауымдастық тарапынан да үлкен қызығушылық пен таңданыс туғызып отыр.
«Мұндай цифрлы шешімдердің күнделікті өмірге кірігіп кетуі батыста әлі жүзеге аса қойған жоқ. Қазақстан біз үшін нағыз FinTech лабораториясына айналды және біз соның аясында ЕО-да бірнеше жылдан соң ғана қолжетімді болатын жобаларды іске асырып жатырмыз», деген еді Тимур Турлов баспасөзге берген бір сұхбатында.
ХҚКО-да кезекте тұрып ипотекаға құжат жинау келмеске кетті
Нақтырақ айтар болсақ, мәселен, осыдан екі-үш жыл бұрын ипотеканы онлайн рәсімдеуге болады десе сенбес едік. Бірақ қазір цифрлы ипотека – қазір қолданыстағы процеске айналды. Енді ипотека рәсімдеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) және банкке барып қыруар қағаз толтырудың қажеті шамалы. Өйткені өз базасын мемлекеттік базамен интеграциялауының арқасында банк жүйесінің өзі барлық қажетті құжаттарды жинап, сізді бір тәулік ішінде баспаналы қылады. Қазақстандағы Govtech дамуы, яғни мемлекеттік қызметтердің де цифрландыруы – банктердің де мүмкіндігін молайтты. Әрине, мұндай процеске ілесе алатын да, алмайтын да банк бар. Цифрлық ипотеканы алғашқылардың бірі болып Freedom Bank бастап отыр.
Freedom Bank-те цифрлы ипотека жобасы максималды цифрланған – кепіл блокчейн технологиясының көмегімен онлайн тіркеледі, ал қарыз беру туралы шешімді клиенттің жүздеген параметрін талдай отырып жүйе автоматты түрде өзі қабылдайды. Бұл тұрғыда Freedom Bank ипотекасы – әлемдегі тұңғыш онлайн-ипотека. Процеске банк қызметкері де, ХҚКО қызметкері де қатыспайды. Рәсімдеу ұзағанда бір тәулікке, ал сәтті жүрген жағдайда екі сағатқа ғана созылады.
Баспананы бағалау, кепіл қою, скорринг, БЖЗҚ қаражатын пайдалану – барлығы онлайн форматта жүзеге асырылады.
Биыл жыл басында банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша цифрлы ипотеканы іске қосты. Жұмыс істей бастаған бір айдың ішінде-ақ банк 9 екінші деңгейлі банк қатысып отырған нарықтың 30 пайызын еншіледі. Тек наурыз айының өзінде 1000 адам 10 млрд теңгеге ипотека рәсімдеген. Банк күн сайын 50-ге жуық ипотекалық несие береді.
Freedom Bank арқылы «7-20-25» бойынша цифрлы ипотекаға жасы 21-ден асқан, несие мерзімі аяқталған кезде 68-ден аспаған кез келген қазақстандық өтінім бере алады. Алғашқы төлем – 20 пайыздан басталады, бұл ретте 25 жыл мерзімге дейінгі ставка жылдық 7 пайыздан басталады (ЖТСМ – 7,2 пайыздан).
Сатып алғалы жатқан көлігіңіздің бүкіл тарихын көресіз
Азаматтардың баспанадан кейінгі басты тұрмыстық қажеттілігі – автокөлік. Қазір адамдардың көбі темір тұлпардың өзін несиеге алғанды қолай көреді. Ол үшін бұрынғыдай құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздыру қажет емес. Сан қатпарлы қиындықтан құтқарған – цифрлы автонесие жобасы. Мәселен, Freedom Bank-тың цифрлы автонесие жобасы аясында клиенттің көлікті сатып алуға өтінім беруі, есепке қоюы, есептен шығаруы, нөмір таңдауы, кепілді тіркеп, келісімшартқа қол қоюы – барлығы онлайн форматқа көшірілген. Мұның бәрі Цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Ішкі істер министрлігі секілді ведомстволардың базаларымен интеграциялануы арқасында мүмкін болып отыр.
Қызығушылықты тудыратын өте маңызды фактор – Freedom Bank көліктің бұрынғы тарихы – оның жол апатына түскен-түспегенін, бұған дейінгі сатылу тарихын клиенттің алдына жайып салады. Клиент бағасы 1-50 млн теңге аралығындағы жүрілген автокөлікті 20 пайыздан басталатын алғашқы жарнасын төлеу арқылы 7 жыл мерзімге дейін онлайн рәсімдей алады.
Автокредит рәсімдеу үшін телефон нөмірі мен ЖСН қажет. Сайтта өтінім рәсімделген соң растау үшін клиентке СМС-код келеді. Әрі қарай сатушы, сатып алушы және автокөлік бойынша скоринг жасалып, займ бойынша шешім қабылданады. Осы жұмыстың бәрі айналдырған 5 минут қана алады.
Бір ғана картамен тұтас экожүйенің қызметін пайдаланыңыз
Цифрлық экожүйе болып қалыптасып жатқан прогрессив банктердің басқа да қызметтерін алдағы уақытта тарқатып айтамыз. Ал осы игіліктерді пайдалану үшін банктің бір ғана картасы қажет. Freedom Bank карталарымен бөліп төлеу рәсімдеу де, инвестиция жасау да, депозит толықтыру да өте жеңіл әрі ыңғайлы.
Жақында банк Қазақстандағы теңгедегі, доллардағы, еуродағы және рубльдегі депозиттік шоттарға тәулік бойы қол жеткізуге болатын алғашқы қазақстандық картаны әзірледі. Ол Deposit card деп аталады және мынадай негізгі артықшылықтары бар:
- Карта депозитке байланған және оның балансын көрсетеді;
- Карта бойынша шығыс операциялары кезінде ақша депозит есебінен шығарылады;
- Шоттар арасындағы ақша аударымынсыз депозит есебінен төлем жасауға болады;
- Ақшаны бір немесе бірнеше валютада сақтайды;
- Картаны толтырған кезде ақша депозитке түседі;
- Ақшаны комиссиясыз толықтыру және алу мүмкіндігі бар.
Әр саудадан 1,5 пайызға дейін кешбэк ұсынады. Депозит теңгемен болса сыйлықақы – ЖТСМ 13 пайызға дейін, доллар және рубльмен болса –ЖТСМ 1 пайызға дейін, еуромен болса – ЖТСМ 0,8 пайызға дейін. Күнделікті жиынтық қалдығы 100 000 теңгеден асатын салымға ең жоғарғы сыйақы айына бір рет есептеледі. Одан бөлек, 500 мың теңгеге дейін мөлшерде комиссиясыз өзге банк клиентіне аударым жасауға және ақшаны шешіп алуға болады.
Банктің бұдан басқа 3 картасы бар – Freedom Card, FreePay және Invest Card.