Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2020 жылғы маусымның соңында бір айда 1,0%-ға ұлғайып, 19 867,4 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 10 171,4 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 9 695,9 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 11 924,5 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 7 942,9 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға азайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы маусымның соңында 40,0%-ды құрады (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%).
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы маусымда 6 209,3 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 3 962,1 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға азайды (заңды тұлғалардың депозиттерінің 39,0%-ы).
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 715,2 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды, шетел валютасымен депозиттер 3 980,8 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға азайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 41,1%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,5%-ға қысқарып, 13 504,6 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 067,8 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 436,9 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,6% (2019 жылғы маусымда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,9% (9,4%) болды.