Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,02%-ға аздап төмендеп, 2020 жылғы тамыздың соңында 20 681,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 0,4%-ға 10 661,1 млрд теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 0,4%-ға 10 020,0 млрд теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 1,1%-ға 12 362,4 млрд теңгеге дейін төмендеді, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 1,7%-ға 8 318,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы тамыздың соңында 40,2% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы тамызда 3,1%-ға 6 402,3 млрд теңгеге дейін төмендеді, шетел валютасындағы депозиттері 4,1%-ға 4 258,8 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалар депозиттерінің 39,9%-ы) ұлғайды.
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 1,1%-ға 5 960,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 0,7%-ға 4 060,0 млрд теңгеге дейін (жеке тұлғалар депозиттерінің 40,5%-ы) төмендеді.
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,2%-ға ұлғайып, 14 105,5 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 524,3 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 581,3 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2019 жылғы тамызда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,8%-ды (9,4%) құрады.