Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,4%-ға ұлғайып, 2020 жылғы қарашаның соңында 14 646,7 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 287,6 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға –7 359,1 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі бір айда 12 577,9 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,9%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 3,2%-ға ұлғайды. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 2 068,8 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2,1%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 31,6%-ға азайды. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы қарашаның соңында 85,9%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.

Бір айда ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 12 544,7 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 2 102,0 млрд теңгеге дейін 4,9%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы қарашада 2 304,8 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды (экономикаға берілетін кредиттердің жалпы көлемінен 15,7%).

Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға беретін кредиттерінің қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,5%), сауда (11,6%), құрылыс (4,7%) және көлік (3,4%) сияқты салаларға тиесілі.

2020 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9% (2019 жылғы қарашада – 12,2%), жеке тұлғаларға – 14,9% (17,0%) болды.