2024 жылдың соңына қарай смартфондардың жаһандық жеткізілімі 4% артып, 1,21 млрд данаға дейін жетуі мүмкін, деп болжайды International Data Corporation (IDC). Алдыңғы болжамда 2,8% өседі делінген.
2025 жылы сату тағы 2,3% артады деп күтілуде, одан кейін сатылым бірнеше жылға 1-3% артады.
«Жалпы нарық биыл айтарлықтай күшті қалпына келеді, өсім барлық дерлік аймақтарда байқалады. Өсудің негізгі бөлігі Android сегментінен келетінін атап өткен жөн, ол iOS платформасында смартфондар жөнелтімінің 0,7% ұлғаюымен салыстырғанда 4,8% артады деп күтілуде», — деді IDC Worldwide Tracker зерттеу бойынша директоры Набила Попал.
Apple тұтынушыларды смартфондарға жасанды интеллект технологияларын енгізудің нақты артықшылықтарына сендіре алса, iPhone сатылымдарын жылдамдатып, смартфондарына сұранысты жандандыра алады, деп қосты ол.
IDC сарапшылары 2024 жылы 5G байланыс стандартын қолдайтын смартфондардың жаһандық сатылымы шамамен 16% өседі деп болжайды. 2025 жылы мұндай құрылғылардың сатылымы тағы 13,2% артып, олардың нарықтағы үлесі 2024 жылғы 67,2% бен салыстырғанда 74,4%-на жетеді.