[caption id="attachment_2394" align="alignnone" width="612"] commercial illustrator[/caption]

Қазақстанда жемқорлықтан келетін шығын 30% ұлғайды, деп хабарлайды құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 9,2 млрд теңге желінген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 29,8% артық.

Соның ішінде аса ауыр жемқорлықпен 1,6 млрд теңге желінсе, 6,6 млрд теңге ауыр жемқорлық санатына кіреді.

Лауазымды асыра пайдалану салдарынан 6,2 млрд теңге, пара алу бойынша 1,5 млрд теңге, алаяқтық бойынша 209,2 млн теңге шығын келген.

Мемлекеттік орган қызметкерлері арасында ішкі істер министрлігінен 145 қызметкер, әкімдіктер мен құрылымдық бөлімшелерден 130 қызметкер, қаржы министрлігінен 33 қызметкер жемқорлықпен ұсталған.