Банктердегі депозиттегі ақша көбейіп келеді

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,1%-ға ұлғайып, 2021 жылғы мамырдың соңында 24 482,0 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 12 679,5 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері –11 802,5 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға өсті. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 15 462,0 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға, шетел валютасындағы депозиттер – 9 020,0 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы мамырдың соңында 36,8% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды. Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы мамырда 7 768,5 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға, шетел валютасындағы депозиттер – 4 911,0  млрд теңгеге дейін 4,2%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінен 38,7%) ұлғайды. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 7 693,5 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға, шетел валютасындағы депозиттер – 4 109,0 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға (жеке тұлғалар депозиттерінен 34,8%) төмендеді. Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 2,1%-ға ұлғайып, 16 846,9  млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 10 677,5 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар –  6 169,4 млрд теңге болды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы мамырда 7,3%-ды (2020 жылғы мамырда – 7,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,6%-ды (10,3%) құрады.