Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2020 жылғы маусымның аяғында 13 927,1 млрд теңгені құрап, бір айда 0,3%-ға азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер көлемі 7 141,0 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға азайды, жеке тұлғаларға 6 786,1 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 11 742,5 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,1%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға кредиттер 1,6%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі
2 184,6 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 6,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер 8,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы маусымның соңында 84,3%-ды құрады (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%).
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 875,8 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға азайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 051,3 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы маусымда 2,1%-ға 2 147,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 15,4%-ы).
Салалық бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,5%), сауда (12,0%), құрылыс (5,0%) және көлік (3,6%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,0%-ды (2019 жылғы маусымда – 11,7%), жеке тұлғаларға – 16,9%-ды (17,3%) құрады.