Бірінші жартыжылдықта Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына 410 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл жоспарланған көлемнің 21 пайызы ғана. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Kapital.kz.
Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестицияның жоспарланған көлемі 1,7 трлн теңге. Биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша республика бойынша бұл көрсеткіш шамамен 410 млрд теңгені немесе жоспардың 24,1 пайызын құрады.
«Бұл ретте келесі өңірлер 10%-дан аспайтын көрсеткішке ие: Шымкент – 3,6%, Астана – 5,1%, Жетісу облысы – 9,1%. Осыған байланысты әкімдіктер жылдық межеге қол жеткізу үшін жұмысты күшейтуі қажет. Жалпы, облыс әкімдіктері жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 11,6% арттыруды қамтамасыз ететін қол жеткізілген көрсеткіштерді орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуі керек», — деп түйіндеді министр.