Қазақстанда болған террорлық әрекеттерді
әскерилердің тоқтата алмауының бір себебі жемқорлықтан бөлек қарулы күштерге
бөлінетін қаражаттың аздығы.
Бюджет шығыны шамамен 14 трлн теңге десек, 2021 жылдың
алғашқы тоғыз айында қорғанысқа бөлінген қаражат 542,4 млрд теңге бөлінген. Бұл 3,9%.
Көржылдық динамикаға қарайтын болсақ, қорғанысқа
бөлінетін қаражат жылдан жылға азайып бара жатыр. Мәселен, 2011 жылы көрсеткіш 4,9%
болса, 2013 жылы 5,8%, 2015 жылы 5,5%, 2017 жылы 3,6%, 2019 жылы 5,5% болған.
2021 жылдың 11 айында мемлекеттік басқару мен қорғанысқа
бар болғаны 50 млрд теңге инвесиция салынған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда
көрсеткіш 21% төмендеген.
Жалпы, соңғы 10 жылда салаға
салынған инвестиция 550,1 млрд теңге ғана. Ал басқа салаларға
триллиондап құйылған. Мәселен, өнеркәсіпке 45,6 трлн, жылжымайтын мүлікпен операцияларға 10,3 трлн, көлік және қоймаға 12 трлн, ауыл шаруашылығына 2,8 трлн теңге салынған.
Әлемдік рейтингте Қазақстан жалпы ішкі өнімге шаққанда
қорғанысқа инвестиция салу жағынан 115-орында. Еуразиялық одақ елдерінің
барлығы Қазақстаннан көп құяды қорғанысқа.