2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, айлық табысы 1 млн теңге және одан жоғары ерлердің 82%-ы үйленген.
Салыстыру үшін: 1 млн теңгеге дейінгі табысы бар барлық еркектердің 63%-ы отбасылы. Табысы 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі, яғни орташа жалақы алатындардың 71%-ы үйленген.
Ал жағдайы жақсы азаматтардың тек 3%-ы ғана ажырасады. Басқаларда көрсеткіш 4,5%, ал орташа жалақы алатын азаматтарда ажырасу көрсеткіші 6%.
Әйелдерге келер болсақ, жағдай басқаша. Табысы 1 млн теңгеден көп әйелдердің 70,5%-ы тұрмыста. Қалған санаттағылардың 59%-ы тұрмыста, орташа жалақы (250-300 мың) алатындардың 67%-ы тұрмыста.
Әйелдер арасында ең көп ажыратындар табысы көптер. 1 млн теңгеден көп табатындардың 10,5%-ы ажырасқан. Қалған санаттарда 7% болса, 250-300 мың теңге табатындардың 9,5%-ы ажырасқан.