2020 жылдың наурыз айы қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі бөлшек депозит көлемі 9,9 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4%, ал 2019 жылғы наурыздағыдан 15,8% артық.
Ranking агенттігінің Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйеніп жасаған рейтингіне қарасақ, банктердегі салымдардағы бөлшек депозиттің үлесі жалпы депозит портфелінің 51,7%-ын құрайды. Былтыр көрсеткіш 51,3% болған. Ал 5 жыл бұрын 39,4% еді.
Айта кетейік, депозиттің үш түрі бар.
• мезімді емес;
• мерзімді;
• жинақтаушы.
Мерзімді емес депозиттің пайызы аз. Алайда кез келген уақытта шешіп ала аласыз.
Мерзімді депозиттің пайызы көбірек болғанымен және бір бөлігін уақытынан бұрын шешіп алуға мүмкіндік берілгенімен, үстіне қосылатын пайыздарынан айырылып қаласыз.
Пайызы ең көбі жинақтаушы. Тиісінше мұны келісімшарттағы күнге дейін ала алмайсыз.
Жеке тұлғалардың депозит көлемі бойынша ең ірі 10 банктің 8-і 1 жылға дейінгі мерзімді емес депозит ұсынады. Ал 2 жылдық мерзімді емес депозит тек 5 банкте ғана бар. Айта кетерлігі, мерзімді емес, яғни кез келген уақытта ала алатын депозит үшін мерзім бекіту тек формалды түрде, бір жылда қанша пайыз қосылатынын есептеу үшін ғана ұсынылады.
2 жылға дейінгі уақытта депозит бойынша ең жоғары пайыз ұсынатын банк АТФ: номиналды мөлшерлеме 10,8%, тиімді мөлшерлеме 11,4%. Артынша Банк ЦентрКредит және Сбербанк: номиналды мөлшерлеме 9,4%, тиімді мөлшерлеме 9,8%. Еуразиялық банктің де тиімді мөлшерлемесі 9,8%.
1 жылға дейінгі депозит бойныша номиналды мөлшерлемесі ең жоғары АТФ Банкі, Банка ЦентрКредит және Kaspi Bank: 11,4%. Тиімді мөлшерлеме бойынша ең жоғары — 12% — АТФ Банк3, Банк ЦентрКредит, Kaspi Bank және Еуразиялық Банкте.
Жинақтың минималды сомасы 1 мың теңге мен 15 мың теңге аралығында. АТФ Банкі, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Еуразиялық Банк және Jýsan Bank 1 мың теңгемен депозит аша береді.
Тағы бір айта кетерлігі, депоизтке салғанда тек пайыздың тартымдылығы ғана емес, сонымен қатар банктің ертеңгі күні банкрот болып қалмайтындай сенімді болуы да маңызды. Сол үшін таяуда халықаралық рейтингтік агенттіктердің жасаған Қазақстандық банктердің 2020 жылғы мына рейтингіне де көз жүгіртіңіз.
Жинақ депозитке келер болсақ, белгілі бір уақытқа дейін ақшаны ала алмайтын және үстінен толтырып отыратын депозитте ең жоғары пайыз АТФ Банкінде бір жылға 13%, екі және үш жылға 12,6%
Банк ЦентрКредит пен Еуразиялық Банк бір жылдық 13% ұсынады.
Bank RBK да 2 жылға 12,6% депозит ұсынады.
Ал алдын ала шешіп алуға да, үстінен қосуға да мүмкіндік бермейтін депозит бойынша ең жоғарғы пайыз АТФ Банкі, Банка ЦентрКредит, Еуразиялық Банк және Bank RBK. Бұлардың пайызы бір жылға 14,7%. Екі және үш жылға Bank RBK (14,8%) және АТФ Банкі (тиісінше 14,7% және 14,4%).