Көлік министрлігі Алакөлде дельтаплан апатынан кейін барлық ұшақтарды тексереді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.
«Әрине, тексеру жүргіземіз. Біріншіден, дельтапланның бұл түрі немесе, айталық, АН-2 ұшағы. Егер АН-2 ұшағы туралы айтатын болсақ, бізде олардың 363-і бар, бірақ 94-і ғана ұшуға жарамды. Әрине, құқықбұзушылықтардың орын алуы және ұшуға жарамдылығы және ұшқыштың жарамдылық сертификаты жоқтар ұшып жататын кездер болады, бұл дельтапландарға да қатысты. Барлық фактілер бойынша қосымша тексеру жүргізіледі. Бұл дельтапландарға да, АН-2 ұшағына да қатысты», — деді ол.
Министр әрбір әуе кемесінің белгілі бір қызмет ету мерзімі бар екенін және үш жыл мерзімге ұшуға жарамдылық сертификаттарын алатынын айтты.
«Осыған байланысты министрлік барлық ұшақтарды, соның ішінде АН-2 ұшақтарын кешенді тексеруден өткізу туралы шешім қабылдады», — деді Марат Қарабаев.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Алакөлге бортында екі адам мінген дельтаплан құлаған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері адамдарды аман алып қалып, олар ауруханаға жатқызылды.