"Астана" халықаралық қаржы орталығы 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы аясында өңірлік деңгейге шығып, өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасуды көздейді.
Аалдына қойған мақсаттарды орындау үшін АХҚО сегіз реформаны жүзеге асыру туралы бастама көтерді. Олардың барлығы Стратегияда көрініс тауып отыр. Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз серіктестік орнатудың арқасында олардың әрқайсысы бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік бар.
АХҚО-ның 2021 жылға бюджеттік өтінім 11,8 млрд теңгені құрайды. Бұл 2020 жылдағыдан 1,25 млрд теңгеге аз. 2022 жылы көрсеткіш 9,9 млрд теңгеге дейін түсіп, 2023 жылы 9,1 млрд теңге болмақ.
АХҚО юрисдикциясында әлемнің 53 елінен 845 компания тіркелген. 2025 жылға дейін көрсеткішті 2000-ға жеткізу жоспарда бар.
Орталық ашылғалы бері 4,4 млрд доллар инвестиция тартты. Соның ішінде 3,2 млрд доллар – тікелей инветсиция, 1,2 млрд доллар – портфельді инвестиция.
2020 жылы компаниялардың тіркелуі толығымен онлайн-форматқа көшіріліп, тіркелу мерзімі бір аптадан бір күнге дейін қысқартылды.
Отандық экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан, 2020 жыл АХҚО үшін қатысушылары төлеген тікелей салық көлемі бойынша рекордты көрсеткішке ие жыл болды. Олардың көлемі – 5,3 млрд теңгеге тең болды.
Биржаның орталық депозитарийі – AIX CSD-де – 2020 жылы 40 мың жаңа инвесторлық шот ашылды.
Сонымен қатар AIX қолдауымен Tabys қосымшасы іске қосылды, оның мақсатты аудиториясы - бастаушы бөлшек инвесторлар.
018 жылдың қараша айында AIX-те алғашқы сауда-саттық басталған күннен бастап, осы платформа арқылы 321 миллион доллардан астам акционерлік капитал және 9 млрд долларға жуық қарыз капиталы жиналды.
Ikapitalist платформасы арқылы ШОБ-қа арналған берілген қарыз бен шығарылған облигациялардың жалпы сомасы 2 млрд теңге болды.
АХҚО жүйесіндегі криптовалюталық жобаларды дамытуға барлық жағдай жасап отыр.
ESG немесе жауапты басқарма – бұл жай ғана сәнді бренд емес, шынтуайтына келгенде адамзатты аман сақтап қалу мәселесі. Кезінде АХҚО «жасыл» қаржы Орталығын да осы түсінік бойынша құрған болатынбыз. Орталық экологиялық инвестициялауды ынталандыру мәселелері бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Қазақстанға арналған жасыл қаржы жүйесінің тұжырымдамасы жасалды. AIX Биржасына арналған жасыл облигацияларды шығару Ережелері жасап шығарылды.
АХҚО қызметі туралы негізгі көрсеткіштер мен деректер
- АХҚО-да банктік қызмет, сақтандыру, капитал нарықтары, исламдық қаржыландыру, FinTech сияқты 35 қаржылық және нарықтық қызметтерге AFSA лицензия беруі мүмкін. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтердің ауқымы әлемнің бұрыннан қалыптасқан Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. қаржы орталықтарында қолжетімді қызмет түрлерімен салыстыруға болады.
- AХҚО-да әлемдік іскери тәжірибені көрсететін компаниялардың 15 ұйымдық-құқықтық нысандары бар, оның ішінде жеке және мемлекеттік компаниялар, арнайы компаниялар, инвестициялық компаниялар, серіктестіктер, коммерциялық емес ұйымдар және т.б.
- Фирмалардың 75% жеке компания құруды таңдайды. Бұл келесі себептер бойынша тіркеудің ыңғайлы түрлерінің бірі болып табылады: (1) оны жалғыз акционер құра алады, (2) жарғылық капитал үшін ең төменгі шегі жоқ, (3) акциялардың әр түрлері бар, (4) корпоративті басқару құрылымын қалыптастыруда қарапайым және икемді (мысалға, ашық компаниялармен салыстырғанда).
- AFSA нормативтік-құқықтық базасын қазақстандық компаниялар шетелдік юрисдикциялардан активтерін АХҚО арқылы Қазақстанға қайта орналастыру процесін бастау үшін қолданады.
- Жалпы, АХҚО-да әлемнің 53 елінен 840-тан астам компания бар. Компаниялардың шамамен 30% реттелетін қоғамдастық болып табылады, соның ішінде банктер, инвестициялық компаниялар, сақтандыру компаниялары, қорлар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, нарық институттары, аккредиттелген компаниялар, рейтингтік агенттіктер, заңды және бухгалтерлік компаниялар және т.б.
- Аккредиттелген компанияларды, сондай-ақ көмекші қызмет көрсететін компанияларды тіркеу және лицензиялау процестері 100% цифрландырылды.
- AFSA веб-сайтында цифрлық қоғамдық тізілімнің іске қосылуы реттеушінің ашықтығын арттырады және қоғамға компаниялардың лицензиялық мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді;
- АХҚО-ның қаржы саласындағы реттеу режимі салық салу мақсатында ақпарат алмасу үшін ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес ең жоғары ашықтықты ынталандырады. Бұл АХҚО-ны салық төлеуден жалтару мақсатында пайдалануға жол бермейді.
- AFSA FATF стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес әрекет етеді, бұл АХҚО-ны ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланылмауын қамтамасыз етеді.
- Астана халықаралық биржасы әлемдік деңгейдегі сауда алаңын қалыптастыру процесін сәтті аяқтады және бизнесті одан әрі дамыту бойынша жаңа міндеттерді орындауға әзір.
- АІХ-тің сауда платформасы тек жоғары технологиялар мен сараптама ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялық қоғамдастыққа түсінікті реттеу ортасын да ұсынады. АІХ-те 30-ға тарта сауда мүшесінен тұратын экожүйе құрылған, оған қазақстандық брокерлер, сол сияқты Қытай, Ресей және Еуропа брокерлері кіреді.
- АІХ биржасының іске қосылғанына екі жылдан сәл асатын уақыт қана өткенімен, мұнда 99 бағалы қағаз листингтелді.
- негізгі инфрақұрылымы - Nasdaq сауда жүйесін Amazon Web Services (AWS) жүйесіне көшірген әлемдегі алғашқы биржалардың бірі болды. Бұл ауысу инвестициялық қоғамдастық үшін икемділік пен масштабталуды қамтамасыз ете отырып, AIX-тің өз сауда қызметтерінің тиімділігін арттыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл AIX-ке өзінің бағалы қағаздар нарығы үшін жаңа өнімдер мен қызметтерді анағұрлым тез және үнемді іске қосу тұрғысынан икемділікті қамтамасыз етеді.
- FTSE Russell Astana International Exchange сауда алаңын FTSE Frontier Index Series индексі сериясының Негізгі Қағидаларына қосты. AIX-ті тиісті сауда алаңы деп тану енді Қазақстанның FTSE Frontier Index индексіндегі рейтингі үшін биржаның инфрақұрылымы мен өтімділік пулы индикаторлардың бірі ретінде қарастырылатынын білдіреді.
- AIX-тің осы жылғы басымды бағыттарының бірі – бөлшек сауда инвесторларының базасын дамыту. Бөлшек сауда инвесторлары үшін біз мобильді инвестициялауға арналған опциялар жасадық, бұл пандемия кезінде кеңінен танымал болды. Біздің мобильді қосымшаларымыз биржадағы сауда-саттықты смартфон және онлайн-тіркелу арқылы қадағалап, әлемдік нарықтарға инвестициялауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді және бұл қор нарығын дамыту үшін жақсы тренд болып табылады.
- AIX тау-кен компаниялары үшін қаржыға тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Еуразияның басқа елдерінен де қолжетімділікті жеңілдетіп, тау-кен сегментін дамытуда.
- АХҚО Соты мен ХТО Қазақстанда және Орталық Азия аймағында азаматтық және коммерциялық дауларды шешу бойынша танымалдылық рейтингінде бірінші орынға ие.
- АХҚО Соты мен ХТО өз қызметін 2018 жылы бастады және басқа халықаралық қаржы орталықтарындағы ұқсас жалпы құқық соттарына қарағанда жылдамырақ елеулі жетістіктерге жетті. Үш жыл жұмыс істегеннен кейін АХҚО Соты мен ХТО барлығы 450-ден астам істі қарастырды.
- АХҚО Соты мен ХТО – инновациялық технологияларды пайдалануда. Нұр-Сұлтан қаласында физикалық қатысу қажетінсіз, әлемнің кез келген нүктесінен тараптардың істерді электронды түрде рәсімдеуіне мүмкіндік беретін eJustice жүйесі бар.
- АХҚО Соты мен ХТО Қазақстанда және Орталық Азия аймақта заңгерлер мен судьялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары сапалы заңгерлік білім беру және кәсіби дайындыққа қолдау көрсетеді. 2000-нан аса адвокат жалпы құқық, халықаралық коммерциялық құқық, арбитраж, және адвокатура мәселелері бойынша дайындықтан өтті және халықаралық стандарттарға сәйкес медиатор ретінде аккредиттелді.
- АХҚО Соты 5000-нан астам коммерциялық келісімшарттардың, соның ішінде Chevron мен Теңізшевройлдың қатысуымен қатысты көптеген келісімшарттардың дауларды шешу ережелеріне енгізілген.
- АХҚО биржасы ислам бағалы қағаздарын (Sukuk) шығаруға мүмкіндік береді. 2020 жылы жалпы сомасы 5 млрд. АҚШ доллары болатын Катар халықаралық ислам банкінің (QIIB) және Ислам даму банкінің (IsDB) 3 бірдей сукуктары АХҚО Биржасының ресми тізіміне қосылды.
- АХҚО әлемдегі исламдық қаржыландыруды дамыту және стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың (IFSB, AAOIFI, CIBAFI) белсенді мүшесі болып табылады.
- АХҚО Әкімшілігі Жасыл Қаржы Орталығының қатысуымен "Қазақстанның жасыл қаржы Жүйесінің Тұжырымдамасы" мен "2025 жылға дейінгі жасыл қаржы саласындағы АХҚО көшбасшылық Стратегиясын" қоса алғанда, жасыл қаржыландыру үшін негіз қалаушы база әзірледі.
- Жасыл Қаржы Орталығы халықаралық принциптер мен стандарттарға негізделген АХҚО Биржасында жасыл облигацияларды шығару және айналысқа жіберу Ережелерін әзірледі. Орталық Азиядағы алғашқы жасыл облигацияны «ДАМУ» Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры 2020 жылғы тамызда АХҚО Биржасында шығарды.
- АХҚО Жасыл Қаржы Орталығы әлеуетті эмитенттерге жан-жақты қолдау көрсетеді, соның ішінде 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасыл облигациялар эмитенттерінің сыртқы шолуға жұмсаған шығындарын өтейді.
- АХҚО-ның ұлттық заңнамаға «жасыл» қаржыландыру және қаржы құралдарының анықтамаларын енгізу жөніндегі ұсыныстары ҚР Жаңа Экологиялық кодексінде көрсетілген. Сондай-ақ, Жасыл Қаржы Орталығы Қазақстанның жасыл жобалар таксономиясының (жіктеуішінің) әзірлеушісі болып табылады, оған сәйкес жасыл облигациялар мен жасыл кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне мемлекеттік субсидиялар берілетін болады.
- АХҚО тұрақты даму және жасыл қаржыны дамыту саласындағы халықаралық бастамалардың белсенді қатысушысы болып табылады. Осылайша, 2017 жылы АХҚО орнықты даму жөніндегі Халықаралық қаржы орталықтары желісінің негізін қалаушылардың бірі болды. 2021 жылғы мамырда АХҚО Жасыл Қаржы Орталығы «Белдеу және жол» бастамасы үшін жасыл инвестициялар Қағидаттарының Орталық Азиядағы өңірлік офисіне айналды.
- АХҚО Қаржы технология хабының 2018-2021 жылдардағы көрсеткіші:
- Стартаптар мен ШОБ қолдау бойынша жергілікті және халықаралық 15 бағдарлама
- Орталық Азия бойынша 125+ стартап
- Халықаралық байқауларда 40+ стартап таныстырылды
- АХҚО базасында 1,4 млн долларға 14 венчурлік келісім жасалды
- Fintech Lab-қа 32 қаржы технологиясы компаниясы қабылданды
- 70+ воркшоп пен семинар
- Әлем бойынша 90+ серіктес
- Профильде 30 ментор
- Салалық 13+ талдауы мен есебі
- Venture Rocket Eurasia краудфандингтік платформасы құрылды
- Fintech Hub-қа мүше стартаптар 3 млн доллар инвестиция тартты
- Венчурлі инвестиция мен бизнес-періштелерді оқытатын 2 бағдарлама
- Университетте қаржы технологиясының 1 бағдарламасы
- АХҚО Экспат орталығы – «бір терезе» ұстанымымен ағылшын тілінде шетелдік инвесторлар мен сарапшыларға визалық және көші-қон қызметі, салықтық тіркеу, цифрлы қолтаңба алу, жүргізуші куәлігін алу, көлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін алу секілді 500-ден астам мемлекеттік қызмет пен денсаулық сақтау, білім беру, көлік және орналасу мәселелері бойынша мемлекеттік емес қызметтер беретін алаң.
- Осы мақсатта мемлекеттік органдармен және мемлекеттік ұйымдармен тығыз байланыс орнатылып, бірлескен бұйрық негізінде мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері тиісті қызмет көрсету үшін АХҚО Экспат Орталығына іссапарлады. Атап айтқанда, ІІМ Көші-қон және әкімшілік полиция комитеті, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы белсенді қолдап келеді.
- Сонымен қатар, қазіргі таңда АХҚО Экспат Орталығын өңірлік фронт-кеңсе, соның ішінде инвесторлық мәселелер бойынша фронт-кеңсе ету жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін АХҚО Экспат Орталығы алаңында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының қызметтері қол жетімді етілді. Нақтырақ айтқанда, шетелдік инвесторлардың қызметіне толықтай қолдау көрсетілді, қазақстандық заңнамаға қажетті түсіндіру ұсынылды, соның ішінде инвестициялық префенциялар туралы айтылды.
- По состоянию на 1 июня 2021 года было оформлено более 12 769 услуг через ЭЦМ.