Тәжірибелі инвесторлар да, жаңадан бастаушы инвесторлар да қоятын үш негізгі сұрақ: акцияларды сатып алу, сату немесе ұстау. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін инвестициялық талдаушылардың кеңестерін пайдалануға болады. Олар қор нарығындағы жағдайды бақылап қана қоймай, сондай-ақ акция бағасының өсуіне немесе төмендеуіне әсер ететін барлық факторды ескеретін формуланы есептейді. 

Талдаушылар өз жұмысында әдетте нені басшылыққа алады? Біз бұл сұрақты Freedom Broker-ге қойған едік, онда олар бүкіл әлемге танымал Buy, Hold, Sell рейтингтік жүйесін қолданатындарын түсіндірді.  Бұл ретте әрбір инвестициялық банк пен талдаушы рейтингтердің әрқайсысы үшін өз өлшемшарттарын дербес белгілейтінін білу маңызды. Олардың ішінде көбінесе жалғыз немесе ең маңыздысы бұл - күтілетін кірістілік/бағалы қағаздың құнын арттыру.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Бұл жерде «Бағаның күтілетін өсуі қалай есептеледі?» деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Жалпы алғанда, біріктіруге болатын екі негізгі тәсіл бар: іргелі және техникалық. Іргелі тәсіл үшін компанияның болашақтағы ақша ағынын болжау негіз болып табылады. Яғни, талдаушы компанияға келіп түсетін және компаниядан шығатын барлық ақша ағынын болжайды және оларды қорытындылау арқылы компанияның жалпы құнын шығарады. Жалпы қабылданған теорияға сәйкес, компанияның құны таза ақша ағынының дисконтталған құнының сомасына тең. Қарапайым тілмен айтқанда, талдаушылар болашақтағы түсім мен шығыстарды болжайды және нәтижесінде акционерлердің қанша ақша алатынын есептеуге тырысады.

«Ақшаның құнын болашақтан бүгінге теңестіру үшін, болашақтағы ақша ағынын дисконттау да міндетті болып табылады. Бәріміз «болашақтағы» ақшаның құны «қазіргі» ақшадан төмен болуы керек екенін білеміз, өйткені осы уақыт ішінде инвестор табысты басқа жерде таба алар еді. Белгілі бір компанияға әділ болатын дисконттың мөлшерлемесін қолдана отырып, талдаушылар сол арқылы болашақтағы ақша ағынының ағымдағы құнын азайтады. Қандай дисконт мөлшерлемесін (капитал құнын) пайдалану туралы мәселе компанияның әділ құнын анықтаудағы ең даулы, сезімтал және маңызды сәттердің бірі болып табылады», — дейді Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Данияр Оразбаев.

Нәтижесінде талдаушылар компанияның қорытынды жалпы құнын көреді. Сондай-ақ, сол жерден ағымдағы таза борышты, ағымдағы акционерлердің үлесін (опциондар, варранттар, айырбасталатын борыш және артықшылықты акциялар және т.б.) сұйылтуы (азайтуы) мүмкін басқа бағалы қағаздардың әлеуетті құнын шегеру міндетті болып табылады. Талдаушы аталған құнды акция санына бөледі және сол арқылы нарықтағы ағымдағы бағамен жай ғана салыстырылатын бір акцияның нысаналы бағасын шығарады. Мұндай салыстыру пайызбен көрсетілген бағаның күтілетін өсуін/төмендеуін береді.

Рейтингтік жүйенің өлшемшарттары

Freedom Broker компаниясының талдаушылары қазақстандық бағалы қағаздар нарығы үшін пайдаланатын рейтингтік жүйенің өлшемшарттары мынадай:  

  • BUY. Рейтинг тағайындалған кезде келесі баға 6-12 ай ішінде 20%-ға астам пайызға өседі деп күтілетін акция.
  • HOLD. Рейтинг тағайындалған кезде баға келесі 6-12 ай ішінде минус 10%-дан плюс 10%-ға дейін өзгереді деп күтілетін акция.
  • SELL. Рейтинг тағайындалған кезде келесі баға 6-12 ай ішінде 10%-дан астам пайызға төмендейді деп күтілетін акция.

Рейтингтер нені білдіреді?

BUY – Freedom Broker жұмыс істейтін негізгі ұсыным. Қағаздың өсуіне әсер ететін факторлардың бірнеше түрі (триггерлер деп аталады) пайда болған кезде сатып алу қызықты болады:

1. Компанияның өсуге іргелі әлеуеті зор. Көбінесе бұл фактор активтің жете бағаланбауымен бірге жүреді, бұл кезде компанияны сатып алу үшін қандай да бір қызықты акцияларды инвесторлар елемейді. Уақыт өте келе нарық мұндай компанияларды қалай да тауып, оларға назар аудара бастайды.

«Біздің міндетіміз — оны клиенттер үшін бірінші болып табу, — дейді Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Абуев. Тағы бір ұқсас жағдай жиі кездеседі, мысалы компания оң тоқсандық немесе жылдық қаржылық есеп шығарды, біз оны талдап, сатып алуға кеңес бердік».

Сол үшін де компаниялардың тоқсандық есеп беру маусымдары нарықтағы сауда-саттықта маңызды рөл атқарады. Компанияның есептілігіндегі бағалау үшін маңызды сәттер ретінде дивидендтер деңгейіне, борыш жүктемесіне, өтімділік деңгейіне, өсу қарқыны мен маржасына, сондай-ақ компанияның қаржылық нәтижелер бойынша алға қойған мақсаттарына жету қабілетіне әсер ететін акцияға шаққандағы пайда мен еркін ақша ағынын бөлуге болады.

2. Бұл ретте техникалық талдау қағаз бойынша BUY ұсынымын беру үшін негізгі фактор болып табылмайды, өйткені өсуге іргелі қорсыз мұндай ұсыным толыққанды бола алмайды. Алайда, оның арқасында тиімді кіру нүктелерін табуға болады, мысалы оларды сатып алған жөн акциялардың бағасы. Бұл қағаздар өсуді көрсеткен жағдайда инвестордың әлеуетті кірісін барынша арттырады. Акцияларды сатып алудан бұрын техникалық талдаудағы үздік паттерндердің бірі деп қолдау деңгейлерінің сынақтарын (тренд сызықтары, жылжымалы орташа мәндер, арна шекаралары) және бағаның өзгеру белгілері (RSI салыстырмалы күш индексі бойынша жоғары дивергенциялар) санауға болады.

3. Ситуациялық триггерлер. Өсудің себептері есептілікпен немесе техникалық талдаумен ғана байланысты болмауы мүмкін, кейде компанияға жағымды әсер ететін кез келген жаңалық пайда болады. Бұған маңызды оқиғалардың аңдатпалары, табыс әкелетін жаңа келісімшарттар, үкіметтік қолдау кіреді. Осы жаңалықтардың бір бөлігі қолда бар деректер негізінде болжанған болуы мүмкін, бұл көбінесе осындай сценарийде сатып алуға кеңес берудің негізіне айналады.

Freedom Broker компаниясының талдаушылары HOLD ұсынымын көбінесе акциялардың нысаналы бағасы ағымдағы нарықтық бағаға жақын болған кезде пайдаланады. Қағаздар нысаналы бағаларға дейін өсетін, теріс қаржылық нәтижелер бұған дейін көрсетілгеннен кейін өздерінің көрсеткіштері мен перспективаларын жақсартатын немесе қаржылық көрсеткіштердің одан әрі өсу белгілерін де, сондай-ақ олардың төмендеу белгілерін көрсетпейтін жағдайларда осы ұсынымға ұшырайды.

Жергілікті инвестициялау деңгейлерінде қағаздар тұрақты бүйірлік трендке ауысқан жағдайда не өсу толқынынан кейін күшті қарсылық деңгейлеріне жақындаған кезде HOLD ұсынымын ала алады. Бұл жағдайда техникалық сигнал ұсынымды өзгерту үшін триггер болып табылады, яғни қарсылық деңгейлерінің бұзылуы, қолдау деңгейлерінен серпіліс және т.б. HOLD жергілікті ұсынымы өсіп келе жатқан трендте де қолданылуы мүмкін. Бұл дегеніміз, қағаздар соңғы уақытта жеткілікті түрде өсті, шамадан тыс сатып алу белгілерін көрсетеді, бірақ әлі де төмендеу сигналдарын бермейді.

SELL — BUY-ге қарама-қарсы ұсыным. Бұл жағдайда қағаздар қаржылық көрсеткіштердің нашарлауы немесе олардың болашағы түріндегі, мысалы, сәтсіз есептен кейін триггері болады. Жергілікті деңгейлер үшін SELL — ұсыным қағаз шамадан тыс сатып алу аймағына өтіп, түзету белгілерін көрсеткеннен кейін берілуі мүмкін, мысалы, күшті қарсылық деңгейлерінде төмендеу дивергенциясын құрайды.

Бұл жағдайда іргелі перспективалар бейтарап не теріс болуы тиіс. АҚШ сияқты сыртқы нарықтарда, SELL ұсыным шорт стратегиясы арқылы табыс табуға мүмкіндік береді (short — қысқа позиция), сондай-ақ төмендету мөлшерлемесі ретінде танымал. Процесс брокердің қатысуымен өтеді, ол акцияларды болашақта қайтаруды талап етіп, қарызға береді. Клиент акцияларды қарызға алған кезде бірден жоғары бағамен сатады, содан кейін оларды нарықта төмен бағамен сатып алады, ал бағалардағы айырмашылық кіріске қосылады. KASE-де мұндай процестер шектеулі, сондықтан қағаздардың бағасы төмендегенде табыс табу қарастырылмайды.

Қандай акцияларды сатып алу, сату немесе ұстау керек?

«Сатып алуға» (BUY) кеңес берілген KASE индексінің жарқын өкілдеріне мыналар жатады. 

1. ҚазМұнайГаз (нысаналы бағасы 14 800 теңге) - акциялар өсу қоры 20%-ды құрайды. 2023 жылы компания мұнай өндіруді 6,9%-ға арттырды, ал 2023 жылғы соңғы тоқсан екі жыл ішінде үздік болды. Тоқсандық мұнай өндіру 6,02 млн тоннаға жетті, бұл соңғы сегіз тоқсандағы үздік нәтиже. Негізгі операциялық активтерде мұнай өндіру 3,5 млн тоннаға жетті. Алдағы уақытта өсудің ситуациялық триггерлерінің бірі желтоқсан айының ортасынан бастап шамамен 23,3%-ға өскен мұнай бағасының серпіні болуы мүмкін. Brent маркасының ең соңғы тіркелген өсу толқыны ХЭА-ның жаңартылған болжамымен байланысты болды, онда агенттік шикі мұнай нарығы бұған дейін күтілген профициттің орнына 2024 жылы ұсыну тапшылығына тап болады деп мәлімдейді, себебі ОПЕК+ екінші жартыжылдықта өндірісті қысқартуды жалғастыратын сияқты.


2. Қазатомөнеркәсіп (нысаналы бағасы 23 200 теңге). Қағаздар орта мерзімді арнаның төменгі шекарасында орналасқан және қайта сатылған болып көрінеді, бұл төртінші тоқсандағы және бүкіл 2023 жылғы соңғы оң есептің маңыздылығын арттырады. Компанияның 2023 жылғы түсімі рекордтық 1,43 трлн теңгені құрап, ж/ж 43%-ға өсті. Біз күкірт қышқылына байланысты өндірістік қиындықтар уақытша болуы мүмкін деп санаймыз және болашақта компания уран өндіру мен сатудың бұрынғы мақсаттарына қол жеткізе алады. Оның үстіне, компания дивидендтерді былтырғы жылмен салыстырғанда кем дегенде 53%-ға арттыра алады, бұл да артықшылық болып саналады.


3. Kaspi.kz «жалғыз мүйізді» компания (нысаналы бағасы 64 100 теңге) - қағаздар сәтті тоқсандық есепті, іргелі өсу қорын және қолайлы техникалық көріністі біріктіреді.  Компанияның 2023 жылғы төртінші тоқсандағы пайыздық кірісі 231 млрд теңгені құрап, ж/ж 39%-ға және т/т 6,3%-ға ұлғайды. Бұл ретте LSE-дегі ЖДҚ-ның баға белгіленімдері жоғары көтеріліп, 2023 жылғы тамыздан бері созылған бүйірлік трендте тоқыраудан шықты. Бұл ұзақ мерзімді өсіп келе жатқан тренд үшін оң белгі болып саналады.


«Ұстауға» (HOLD) кеңес берілген компанияларға БЦК акцияларын (нысаналы бағасы 1 240 теңге) жатқызуға болады, себебі олар айтарлықтай қатты өсті және қазір Freedom Broker компаниясы талдаушыларының соңғы ұсынымынан әлдеқайда қымбат тұрады. Бүгінгі таңда қағаздардың бағасы соңғы бағалау бағасынан 29%-ға жоғары.

«Сатуға» (SELL) кеңес берілген тек Kcell қамтылған (нысаналы бағасы 1 490 теңге). Үшінші тоқсанда компанияның ақша ағыны тері -23 млрд теңге. Бұл қарыздардың 22 млрд теңгеге таза ұлғаюына әкелді, осыған байланысты акционерлердің дивидендтерге сенуі екіталай.

Ұсынымдарды орындаған жөн бе?

Акцияны сатып алу немесе сату туралы шешім қабылдау кезінде талдаушылардың көмегі, сөзсіз, пайдалы болады, өйткені ұсынымдар компаниялардың есептеріне, жаңалықтарға және жалпы экономикалық жағдай туралы деректерге негізделген. Бірақ оларды іс-қимыл жасауға нұсқаулық ретінде бірден қабылдауға болмайды.

Міне, аналитикалық болжамдардың дәлдігіне әсер ететін бірнеше мысал бар. Нарықта қандай да бір жағдайда не болатынын ешкім болжай алмайды, өзгерістерге себеп табиғи құбылыстар да, тарихи оқиғалар да болуы мүмкін. Нарықтың болжамдарына сәйкес келмейтін жаңа өзара байланыстар мен үрдістер міндетті түрде болады. Осылайша, талдаушылардың болжамдары мен ұсынымдары қосымша ақпарат көзі ретінде жақсы қабылданады деген қорытынды жасауға болады.

Инвестициялау туралы шешім қабылдаған кезде, ең алдымен, тәуекелге қаншалықты дайын екеніңізді түсіну маңызды. Қалай болғанда да, сіз шешімді өзіңіз қабылдайсыз. Талдаушылардың ұсынымдары сіз ақша салу кезінде ескеретін немесе мүлдем ескермейтін факторлардың бірі ғана. Бұл ретте, егер сізге инвестициялық идеялар қажет болса, талдаушылардың пікірі пайдалы болуы мүмкін.