2025-2026 жылдары Қазақстан бірден үш экономикалық дағдарысқа тап болады, деді Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков.
- бюджет дағдарысы — Қазақстан Республикасының кірісі мен шығыны арасындағы алшақтыққа байланысты (2025 жылы тапшылық 4,1 трлн теңге);
- сауда балансының дағдарысы (импорттың экспорттан айтарлықтай асып кетуі);
- қарыз – 2025-2026 жылдар жеке компаниялардың $101 млрд сомаға қарызын өтеуі керек.
Егер үш дағдарыс «бір уақытта түйіссе» жағдай қиын болады», - деп атап өтті сарапшы.
Оның пікірінше, мұндай жағдайда теңгенің күрт құнсыздануы, Ұлттық қордың таусылуы және елге инвестиция ағынының азаюы мүмкін.
Сонымен қатар, Арыстанбеков «Үкімет Қазақстан экономикасын жақсарту міндетін орындай алмай отыр» деп атап өтті.