2022 жыл қор нарығы үшін үлкен сынақтар алып келді. Әлемдік капитал нарығындағы құбылмалылық және монетарлық саясаттың қатаңдауы қор нарығын белгілі бір деңгейде үрейде ұстады. Соның нәтижесінде нарықтың жиынтық капиталдануы 13 пайызға, 38,2 трлн теңгеге дейін қысқарып кетті. Тиісінше, үлестік қаржыландыруды тарту қарқыны 35 пайызға, 443 млрд теңгеге дейін азайды. Дегенмен нарықтың өзге көрсеткіштері оң қарқынға ие. Мәселен, Қазақстан қор биржасындағы 11 айдағы жиынтық сауда көлемі 235,5 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 61,1 трлн тенгеге жоғары.
Тағы бір қызығы, жыл басынан бері үздіксіз өскен инфляция мұнай-газ саласындағы компаниялар активінің, сәйкесінше акциясының нығая түсуіне әсер еткен. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, қаржы нарығындағы құбылуға қарамастан халықтың құнды қағазға деген қызығушылығы әжептәуір артып жатыр. Жыл басынан бері елде бөлшек инвестор саны екі есе артып, жарты миллионнан асты.
Сарапшылар жыл басында биыл биржалық нарықтағы өтімділік жоғарылап, қор нарығында эмитент ретінде шағын және орта бизнес сегментінің ауқымы артады деп болжам білдірген. Өз кезегінде өтімділіктің өсуіне ESG-қаржыландырудың дамуы, бөлшек, шетелдік және институционалдық инвесторлар базасының ұлғаюы ықпал етпек.
2022 жылы қандай компаниялардың акциясы қымбаттады?
Freedom Finance Global аналитигі Елдар Шакеновтың айтуынша, биыл мұнай-газ компанияларының құнды қағаздары қымбаттады.
«Бірінші жартыжылдық қор нарығы үшін қиын болды. Іскерлік белсенділік болжамы төмендеп, инфляцияны күшейту үшін орталық банктер базалық мөлшерлемені көтеруге бет алды. Алайда, мұнай мен газ саласындағы энергетикалық компаниялардың акциялары айтарлықтай өсім көрсетті. Жалпы, бұндай компаниялар инфляция күшейген кезде қымбаттайтыны белгілі. Олардың активтерінің құны мен өнімдерінің бағасы және табысы инфляция күшейген сайын көбейе түсті», дейді Елдар Шакенов.
Елдар Шакеновтың айтуынша, бұлтты технологиялар, IPO сегменті мен коммуникация қызметтері саласындағы компаниялар биыл ФРЖ мөлшерлемесінің көтерілуі, циклдық секторлардағы өсімнің өзгеруі мен облигация табыстылығының өсуі себепті керісінше арзандады.
2023 жылы қандай компаниялардың акциясын алу керек?
Freedom Finance Global аналитигі Аңсар Абуевтың айтуынша, алдағы уақытта өсім әлеуеті жоғағы қазақстандық компаниялар ретінде Halyk Bank акциясын (мақсатты баға (МБ) 200 тг, өсім әлеуеті – 54%), Қазақтелеком (МБ 37400 тг, өсім әлеуеті – 34%), Kaspi.kz (МБ 39400 тг, өсім әлеуеті – 17%) компанияларын атауға болады. Сонымен қатар KASE индексіндегі ETF (IE_FXBF) қарастыруға болады.
Шетелдік компанияларға келер болсақ, Елдар Шакеновтың айтуынша портфель жасақтағанда циклдық секторлар, өсу әлеуеті жоғары секторлар және қорғалған секторлардағы ETF пен облигация және алтынға инвестиция салуға болады.
«Өсу әлеуеті жоғары секторлар ретінде биотехнология (IBB), жартылай өткізгіштер (SOXX) және технологияның (XLK) өсуі әбден ықтимал. Әсіресе инфляция шегіне жеткен кезде күрт өсуі мүмкін», дейді Елдар Шакенов.
Циклдық секторлардың ішінде экономикалық қалпына келудің, мөлшерлемені көтерудің бенефициары және салыстырмалы түрде құны арзандаған қаржы (XLF); табысы көбейіп келе жатқан және қорғаныс мақсатында көп ақша жұмсалып жатқан өнеркәсіп (XLI); нарықта тапшылығы туындаған, тартымды бағасы бар және инфрақұрылымына көп ақша жұмсалып жатқан шикізат пен материалдар (XLB); салыстырмалы төмен бағаланған, ақша ағыны көбейген және мұнай бағасының қымбаттауы оң әсер алатын энергетикаға (XLE) қаржы құйған абзал.
Қорғалған секторлар ішінде салыстырмалы төмен бағаланған және ұзақмерзімді демографиялық үрдіске ие денсаулық сақтау (XLV); тұрақты табыс беретін, мейрамханалардың көптеп ашылуы оң әсер ететін тұтыну тауарларына (XLP) салуға болады.
Облигациялар. Инфляция шегіне шетуі мүмкін кеде алыпсатарлығы жоғары қазынашылық облигациялар (TLT) да инветсорларға қызықты болуы тиіс. Оның үстіне табыстылықтың төмендеуі облигация үшін бағасын көтеретін фактор, портфельді хедждеуге қорғаныс құралы.
Макро-келісімшарт ретінде алтын. АҚШ доллары мен оның табыстылығының төмендеуі алтынға (GLD) және алтын өндірушілерге (GDX) оң әсер етеді. Доллардың күшті болуы алтынды төмен ұстап тұрды. Қыркүйек пен қазандағы ең жоғарғы көрсеткішінен кейін АҚШ доллары соңғы кездері әлсірей бастады. Бұл алтынды қымбаттатуы мүмкін. Өз кезегінде Treasuries бойынша табыстылықтың төмендеуі алтын үшін жағымды жаңалық. Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі де алтынға ақша салғандарға пайдалы.
Қандай қаржы құралдарын сатып алған тиімді екені туралы мәліметпен қаныққаннан кейін оны қайдан сатып алуға болады деген сауал туындайды. Осы орайда, бұған дейін жазғанымыздай, таңдаған брокеріңіздің бірқатар ерекшеліктерін ескерген жөн. Атап айтқанда, брокердің Қазақстанда қызмет етуіне рұқсат беретін лицензиясының болуы, KASE немесе AIX биржаларында бұған дейін ірі саудаларға қатысқан, қазақстандық бөлшек инвесторлармен тұрақты жұмыс істеп келе жатқан болуы шарт. Бұл тұрғыда Freedom Broker компаниясы ойға оралады.
Қазақстандықтар қандай брокерлік компанияларды тандайды?
Брокерлік компанияны таңдау кезінде бастаушы инвесторлар үшін негізгі критерийлер: барлық қажетті лицензиялардың болуы, тиімді тарифтер мен комиссиялар, тұтынушылардың пікірлері, кәсіби кеңестер, сауда платформаларының ыңғайлығы мен қарапайымдылығы. Қазақстанда қазіргі таңда 26 брокерлік компания жұмыс істейді. Олардың толық тізімін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің не болмаса биржалардың сайттарында табуға болады.
Бірақ солардың арасында осы критерийлердің барлығына сәйкес келетін ең танымал компаниялардың бірі Freedom Broker бірыңғай бренд аcтында жұмыс істейтін «Фридом Финанс» АҚ және Freedom Finance Global атты компаниялар. Олар халықаралық Freedom Holding Corp инвестициялық тобына кіреді. Осы жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Freedom Broker компанияларында жылпы клиенттік шоттар саны 142 мыңнан асты, ал қазақстандық облигацияларды орналастыруды ұйымдастырушылар рейтингінде СbondS агенттігінің мәліметінше, 2-орынға ие болды.
Айта кетерлігі, таяуда өткен «ҚазМұнайГаз» IPO-ның шеңберінде Freedom Broker өтінімдер көлемінің сомасының жартысын жинады. Бұл отандық инвесторлардың компанияға дегенгі назарлықтары мен сенімділіктерін көрсетеді.
Қорыта айтар болсақ, 2022 жыл қор нарығы үшін оқиғаға толы жыл болды. Кей компаниялардың акциясы айтарлықтай құлдыраса, кей компаниялар керісінше үлкен өсім көрсетті. Жалпы қор нарығындағы биылғы қиындықтар келесі жылы инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы ықтимал.