Соңғы бір жылда шетелге демалуға барған қазақстандықтардың саны екі есе артты. Басқа елдерге Қазақстаннан 7,7 млн-нан астам турист барған. Осының аясында ішкі туризмнің өсуі бәсең: бір жылда 24,6%. Отандық туристердің саны ел халқының жартысына жуығын, яғни 8,6 млн-нан астам адамды құрады, бірақ, байқап қарасаңыз, олардың арасында Қазақстанды аралап, табиғатымыздың сұлулығына тамсанып, курорттарда демалушылар бірнеше есе аз, деп хабарлайды energyprom.kz.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының соңғы бес жылдағы мәліметтері елдің туризм индустриясы пандемия дағдарысынан әлі айыға алмағанын көрсетеді. Бұған, ең алдымен, Қазақстанды тамашалауға келетін шетелдік туристердің саны дәлел. 2019 жылы ҚР-ға 8,5 млн-нан астам бейрезидент келді. Былтыр бізге 4,7 млн қонақ келді (2021 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті). Көрсеткіш осыншалықты көбейгенімен, әлі де «коронанадағдарысқа» дейінгі деңгейге жетпейді. Екіншіден, мұны туристік маркетингтің жетістігі деп атауға болмайды, өйткені келушілердің бір бөлігі мобилизацияның екі толқынында (ақпанда соғыстың басталуына байланысты және қазанда РФ-да ішінара мобилизация жариялануына байланысты) Қазақстанға келген ресейліктер болды.
Шенеуніктер елде ішкі туризмді дамыту үшін қаншама жұмыстар атқарылып жатқаны туралы жиындарда есеп бергенде, ҚР-ны аралап жүрген қазақстандықтар санының көрсеткіші жетістік ретінде айтылады. 8,6 млн-нан астам адам! Бірақ олардың барлығы туристер ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін біз ішкі келушілердің тұратын жерді таңдауын талдадық. Мәселен, 2022 жылы 8,6 млн отандық туристтің 6,4 млн-ы қонақүйде, 1,8 млн-ы қорықтарға, қорықшаларға және басқа да ерекше қорғалатын аумақтарға, 378 мың азамат санаторийлерге барған. Яғни, аз ғана бөлігі (тек төрттен бір бөлігі немесе 2,2 млн адам) табиғатқа демалысқа немесе сауықтыру үшін шипажайға барған шын демалушылар болды. Қалғандарын толық турист деп айтуға болмайды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы туристердің нақты санын және ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мамандары жүргізген үй шаруашылығын зерттеу нәтижелерінен көруге болады. Қолданылатын ҰСБ әдістемесіне сай, турист дегеніміз — ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттар үшін түнгі сапар жасайтын адам екенін ескеріңіз. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ҚР-дағы 8,8 млн-нан астам отандық келушінің 87%-ы ғана немесе 7,7 млн адам осындай түнеушілер болды. Оның үстіне, олардың 66,7%-ы немесе 5,1 млн-ы сапар барысында туыстарының үйінде болды. Яғни, барлық отандық туристердің үштен екісінен астамы туыстарына барған. 934 мыңнан сәл астам азамат сапарлары кезінде жалдамалы пәтерлерде тұрды.
Санаторийлерге, балалар лагерлеріне, туристік базаларға, қала сыртындағы үйлерге барғандар немесе орманда қонғандар 2022 жылы небәрі 578,3 мың адам болған. Ал бұл көрсеткіштерді 2021 жылмен салыстыратын болсақ, 2022 жылы бұл санатқа келушілер саны көп емес, екі есеге жуық (2021 жылғы 1 млн адаммен салыстырғанда 578,5 мың адам) азайғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, отандық келушілер саны туыстарын аралаушылар есебінен көбейіп отыр. 2022 жылы мұндай қазақстандықтар шамамен 767 мыңға немесе 17,6% көбейді. Бұл ретте сауалнамаларға сәйкес қонақүйлерге, мотельдерге және санаторийлерге келушілер тиісінше 21,9% және 37,1% азайды. Қазақстандықтар туристік базалар мен санаторийлерге аз саяхаттай бастады, тіпті қонақүйлерде де аз болады, есесіне туыстары мен достарына көп барады.
Және, ең соңында, мынадай маңызды мәлімет бар: 2021 жылы ҚР СЖРА ҰСБ сарапшылары сауалнама жүргізіп, оның барысында қазақстандықтардың сапарлау мақсатын анықтады. Отандық туристердің 48,9%-ы туыстары мен жақындарына қонаққа барса, 5,9%-ы іссапарға барса, 8,4%-ы сауда жасау мақсатымен сапарлаған. Демалысқа, демалуға, санаторийге немесе курортқа барғандардың үлесі 33,2% ғана болып шықты.
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде де, социологиялық зерттеулерде де ішкі туризмнің негізгі проблемалары туралы жиі айтады. Мәселен, өткен жазда халықаралық Picodi.com компаниясының мамандары қазақстандықтардың демалысы туралы қызықты зерттеу жүргізген. Нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан ҚР азаматтарының 69%-ы Қазақстанға қарағанда шетелде жиі демалатынын айтты. Ең танымал бағыттар — Түркия, Ресей, Египет, БАӘ, Таиланд. Туған жерді аралағандар Алматыға, Астанаға, Алакөл көліне немесе Бурабай курорттарына жиі барады. ҚР-да демалыста болғандардың 16%-ы ауылдағы немесе басқа қаладағы туыстарында өткізген.
Қазақстанда демалудың артықшылықтарының ішінде, респонденттердің атап өтуінше, елде тамақтану орындарының көптігі және ол жақтағы тағамдардың дәмді болуы,туристердің көп еместігін және жергілікті халықтың қонақжайлылығын ұнатады. Ішкі туризмнің кемшіліктері көп. Бірінші және ең жиі айтылған (респонденттердің 62%-ы атап өткен) бұл қызметтер бағасы мен олардың сапасы арасындағы сәйкессіздік. Респонденттердің жартысынан көбі кірді (56%), нашар жолды (55%), жиіркенішті қоғамдық дәретханаларды (55%) және қызмет көрсету сапасының төмендігін (39%) жағымсыз факторлар деп санайды.
Қазақстандағы туризм саласының негізгі мәселелері
- дамымаған жол инфрақұрылымы, қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, нашар логистика
- туристік өнімнің ассортименті мен сапасының төмендігі, саладағы цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігі
- туристік нысандардағы қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейі
- кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі
- өңірлік және халықаралық деңгейде туристік әлеуетті ілгерілетудің жеткіліксіз деңгейі
Тиісті бөлімде, әрине, туристердің жағымсыз әсерлері туралы біледі. Туризмге тосқауыл болып отырған бұл кедергілердің барлығы дерлік Туризм индустриясын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі проблемаларының тізімінде бар. Дегенмен, бұл тізім өзгермей, жыл сайын бір тұжырымдамадан екіншісіне өтеді. Бірақ егер жол құрылысы және жол бойындағы қызмет көрсету мәселелері тиісті ведомствоның – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құзыретіне кірмейтін болғанымен, туристік әлеуетті жергілікті деңгейде ілгерілемеуіне осы министрлік жауапты бола береді.
Ашық деректерге сүйенсек, министрлік мамандары ішкі туризмді емес, сыртқа шығу туризмін алға жылжытуды көбірек қолдайды. Мәселен, күні кеше ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ANEX Tour халықаралық туроператоры директорлар кеңесінің төрағасы Вурал Карасумен кездесті. Бұл туралы басқарма басшысы Facebook парақшасында жазды.
Кездесу ANEX Tour ұйымдастырған Орталық Азияның жүрегі туристік бизнес-форумы аясында өтті. Іс-шараның пресс-релизсінен байқалатыны, МСМ форумға қолдау көрсетінің басты мақсаты — ішкі туризмді дамыту. Дегенмен, форумға Түркия, БАӘ, Египет, Вьетнам елдерінен қонақ үй брендтерінің өкілдері, Еуропадан авиатасымалдаушылар мен қабылдаушы компаниялар келгеніне қарағанда, бұл қонақтардың Қазақстанға шетелдік туристерді тартуды ойлап жүргеніне күмән туындайды. Шетелдік турларды насихаттау басты мақсат екені анық. Алайда, туроператор-ұйымдастырушының өзі ANEX Tour қазақстандық сайтының деректеріне сүйенсек, Қазақстаннан келген турларды шетелге сатуға мүдделі. Қазақстандағы демалу нұсқаларының ішінде ANEX Tour тек люкс қонақүйде тұру арқылы Ақтауға сапарларды ұсынады. Бір қызығы, кездесу қорытындысы бойынша министр ANEX Tour «таяудағы 3-5 жылда» ҚР-ға 80 мың турист тартатынын атап өтті, бірақ нақты қай күндерді және қай елдерден келетінін, туристік ағынды қандай бағыттарға тартатыны көрсетілмеді. Дегенмен, министрлік бұл мәселе бойынша толығырақ ақпарат береді деген үміт бар.
Әзірге тиісті министрлік шетелдік туроператорлардың маркетингін құптап, қолдап отыр, тек қазақстандықтар арасында ішкі туризмді насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын ұлттық форумдар мен көрмелерге көңіл бөлмейді Мысалға, KIOF аңшылық, балық аулау және ашық ауадағы іс-шаралардың халықаралық көрмесін алайық, бұл министрлік үшін шетелдік туроператорлардың кездесуі секілді қызықты емес. Қазақстанда туристік қызметтердің сервисі мен сапасын, сонымен қатар келу туризмінің маркетингтік құралдарын ілгерілететін ішкі туризм бизнесінің инфрақұрылымын дамыту болса да.
Өңіраралық өзара жарнамалық науқандарды айтпағанда, туризмді дамыту үшін өңірлік деңгейде де ақпараттық қолдау қажет. Мәселен, Күршім өңіріндегі бірегей Қиын-Керіш трактіне Шығыс Қазақстанның әрбір тұрғыны бара қойған жоқ. Марстың таңғажайып пейзаждары бар «Рухтар қаласы» деп аталатын бұл туристер үшін ерекше орын. Маңғыстау, Алматы, Қостанай тұрғындары «жалынды» каньондар туралы біле ме?
Бұл арада қазақстандықтардың туризмге жұмсайтын шығындары шетелдік демалыс орындарына қарқынды өсіп жатыр. Іріктемелік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, былтыр ел тұрғындары басқа елдерге сапарға 225,2 млрд теңге жұмсаған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 42,9% артық.
Егжей-тегжейлі деректерге қарағанда, бұл қонақүйлерде тұру (65,2% көбейген), рейстер, трансферлер және турлар (30,6% көбейген), тамақ (46,5% көбейген) құнының өсуіне байланысты болды. Бұл шетел турларының негізгі шығындары. Айта кетерлігі, туристік агенттіктердің қызметтері мен мейрамханалардағы кешкі астарды үнемдеу үрдісі байқалады.
Әрине, былтыр азаматтар ел ішіндегі сапарларға көбірек ақша жұмсады: 419,1 млрд теңге, 2021 жылдан 14,1% көп. Бірақ бұл шығындардың құрылымы, шетелдік демалыстан айырмашылығы бар. Отандық туристердің жол жүру бюджетінің жартысынан астамы жол мен тауар сатып алуға төленді. 419,1 млрд теңгенің 116,7 млрд теңгесін қазақстандықтар саудаға жұмсаған.
Резидент саяхатшылар қонақүйлерде тұруға 54,1 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 12,9%-ын жұмсады. Айтпақшы, былтыр саяхаттаушы қазақстандықтар туристік қызметтерге де үнемдеген. Туристік агенттіктерге 2022 жылға небәрі 217 млн теңге төленді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда бірден 35,2% аз. Түрлі емдеу-сауықтыру процедураларына жұмсалған шығындар 6,5%, 21,3 млрд теңгеден 19,9 млрд теңгеге дейін қысқарды.