Қор нарығын капиталдандыру 2022 жылғы қарашада 30 млрд теңгеге шамалы ұлғайып, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 37,3 трлн теңгені құрады (2022 жылдың басынан бері 15,4%-ға төмендеу).
Акциялар нарығын капиталдандыру 1,4%-ға немесе 0,3 трлн теңгеге 22,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде жыл басымен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі бір ай бұрынғы 22,4%-бен салыстырғанда 21,3%-ға дейін баяулады.
2022 жылғы қарашада KASE индексі 3 064,9 тармаққа дейін 2,2%-ға азайды. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 103 эмитенттің 117 акциясы болды, олардың 46 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа жіберілді. Ағымдағы жылдың қараша айында акциялармен сауда-саттық көлемі қазан айымен салыстырғанда 12,0%-ға немесе 1,6 млрд теңгеге төмендеп, 11,7 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығы ақша-кредит талаптарын қатаңдату аясында қорландыру құнының қымбаттауы, сондай-ақ аталған нарықта қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде 2022 жылғы қарашада 1,9%-ға немесе 283 млрд теңгеге 14,7 трлн теңгеге дейін азайды (2022 жылдың басынан бері 4,5%-ға төмендеу).
Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі ағымдағы жылғы қарашада екі есе ұлғайды және 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 1 083 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға артық.
2022 жылғы 1 желтоқсанда KASE сауда-саттық тізімдерінде 84 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 348 шығарылымы болды.
2022 жылғы қарашада KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 62,6%-ға немесе 349 млрд теңгеге 208 млрд теңгеге дейін төмендеді.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2022 жылғы қарашада 3,6%-ға немесе 708 млрд теңгеге 20,5 трлн теңгеге дейін өсті.
2022 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 427,5 млрд теңгені құрап, бір айда 10,9%-ға немесе 42 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 295,5 млрд теңгеге дейін 11,0%-ға немесе 36,4 млрд теңгеге төмендеді.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялау нарығында 46 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 413,7 млрд теңгені құрап, негізінен 2 жаңа инвестициялық пай қорын ашу есебінен ағымдағы жылғы қарашада 3,5 млрд теңгеге немесе 0,9%-ға ұлғайды.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 376,9 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 91,1%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 83,3%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 38 брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
Ағымдағы жылғы қарашада инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 525 978 қосалқы шотқа дейін 48 848-ге немесе 10,2%-ға өсті (2022 жылдың басынан бастап 138,9%-ға немесе 305,8 мың қосалқы шотқа өсті).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылдың қараша айында 1,8%-ға ұлғайып, 532,9 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 5,5%-ға өсті). 2022 жылғы қарашада міндеттемелер 151,9 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға өсті. Меншікті капитал 1,3%-ға 390,2 млрд теңгеге дейін өсті.