Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елге автомобильдерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін он күн ішінде әзірлеуді тапсырды.
Ол Қазақстанда көбінесе техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді заңсыз әкелу жағдайлары тіркеліп жатқанын атап өтті. Премьер-министрдің айтуынша, бұл «кеден заңнамасын орындаудағы олқылықтарға» байланысты.
Премьер-министр Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне он күн ішінде автомобильдерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
«Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша нақты ұстаным болуы керек. Кеден әкімшілігі мен техникалық реттеуге сәйкес тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енуі керек. Қабылданған барлық шаралар бойынша халықты ақпараттандыру науқандары жүргізілуі керек», - деп атап өтті Олжас Бектенов.