2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді.
Заңға сәйкес азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілді.
Бұл құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен (әрі қарай – ТЖШ) асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақтарын қалыптастырған салымшылар пайдалана алады.
Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында: «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері» деп айқындалған.
2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ЕТЖ мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті.) 2022 жылға ТЖШ мөлшері де көбейтілді. Аталған мәлімет төменде көрсетілген:
Қысқаша айтқанда, қазақстандықтар бүгінге дейін зейнетақы жинағының бір бөлігін қалдырып, қалғанын үй алу мен емдеуге жұмсай алатын еді. Қазір енді зейнетақы шотында қалуы тиіс қаражат көлемі көбейтілді. Төменде сол зейнетақы шотында қалуы тиіс минималды қаражат көлемі.