Ұлттық банк дерегінше, маусымда Қазақстандағы айырбастау пункттерінде долларға деген таза сұраныс 1,9 есе өсіп, 126,5 млрд теңгеге жетті.
Валютаны таза сатып алу дегеніміз – айырбастау пункттерінде сатып алынған және сатылған валюта көлемінің айырмасы.
Маусым қорытындысы бойынша қазақстандықтардың долларды таза сатып алу көлемі мамырмен салыстырғанда 94%, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6% артқан.
Сонымен қатар, маусымда қазақстандықтар ресейлік рубльді сатуды жалғастырды, бірақ алдыңғы екі аймен салыстырғанда қарқыны бәсеңдеді. Рубльдің таза сатылымы 17,5 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш мамырмен салыстырғанда 42%, ал сәуірмен салыстырғанда 57% азайды.