1 шілдеден 1 қазанға дейін Baring Funds қоры Kaspi банкінің 1 885 784 акциясын, ал Вячеслав Ким 227 999 акциясын сатқан. Ал Михаил Ломтадзенің үлесі өзгеріссіз қалып, ешқандай мәміле жасалмаған. Бұл туралы KASE деректері көрсетіп отыр.
Егер осы кезеңдегі Kaspi акцияларының орташа бағасы 87,25 доллар болды деп есептесек, онда Baring Funds қоры шамамен 164,7 млн доллар, ал Вячеслав Ким шамамен 19,9 млн доллар табыс тапқан болуы мүмкін.
Айта кетейік, Вячеслав Ким шілдеде Jusan Alatau City Bank-ті сатып алған болатын. Одан кейін Ғалымжан Есеновтен Alatau City Bank акцияларының 20,1% үлесін алды.
Сонымен қатар Ким Вячеслав Ким Kcell компаниясындағы үлесін 9,08%-дан 23,95%-ға дейін арттырды.
Ал Kcell жарты жылда 5,6 млрд теңге таза пайда тапты.