Кселл АҚ 2025 жылдың I жартыжылдығындағы қызметінің нәтижесін жариялады.

  • Консолидирленген кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2% өсіп, 124,9 млрд теңгеге жетті.
  • Қызметтік кіріс 102,8 млрд теңгені құрап, 4,6% артты.
  • EBITDA көрсеткіші 5,9% өсіп, 47,7 млрд теңге болды, ал EBITDA маржасы 37,2%-дан 38,2%-ға дейін көтерілді.
  • Есепті кезеңдегі таза пайда 5,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5% жоғары.

Компания желіні жаңғыртуға және дамытуға, соның ішінде 5G технологиясын енгізуге белсенді түрде инвестиция салуда. 2023 жылдың басынан бері ел бойынша 1 846 5G базалық станциясы орнатылды.

Есепті кезеңде тұтынылған деректер трафигінің көлемі 630 петабайтты құрап, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32,6% артты.