2024 жылдың 7 айында шетелге 2 млрд долларға өңделген табиғи уран экспортталды, бұл 2023 жылдың дәл осы айларымен салыстырғанда 54% артық. Қазіргі мәні кем дегенде 2015 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. 

Барлық өсім бағаның көтерілуімен байланысты болды, себебі физикалық түрде экспорт өзгерген жоқ деуге болады (10,3 млн кг, бір жылда +1%).

Уранымыз нақты қайда кетіп жатқанын қарайық:

Сомасы бойынша негізгі үлес – РФ-да (46%). Жылдық деңгейде жеткізілімнің жалпы құны 23% артты, десе де, физикалық түрде экспорт шамамен сондай көлемде төмендеді. 1 кг уранның орташа бағасы, тиісінше, көтерілді (+63%).

Егер ақшалай емес, уранның көлемімен есептесек, биылғы басты сатып алушы Қытай болып шықты, үлесі — 44%. ҚХР бір жылда физикалық түрде де (+21%), ақша түрінде де (+72%) көбірек сатып алды.

Жалпы, өткен жылғы басқа маңызды серіктестердің барлығы көлемдерін арттырды. Мүлде артта қалғаны 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында уранды 27,5 млн долларға сатып алған Румыния және Аустрия (оның сомасы тіптен аз).