2024 жылдыңқаңтар-шілде айларында Қытайдан Қазақстанға әкелінген өнім көлемі 8,1 млрд долларға бағаланды, бұл 2023 жылғы сол айдағы көрсеткіштен 7,5% кем. Жылдың 7 айының нәтижелері бойынша коронавирус жайлаған 2020 жылдан бері мұндай құлдырау алғаш рет байқалып отыр, қазіргі қарқыны одан да қатты.  

Мұндай олқылықтың орын алуына не себеп?

Электр генераторлар санаты, әсіресе жел генераторлары санаты бойынша айтарлықтай төмендеді. Егер 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында 135,1 млн доллар сомаға 546 жел генераторлары әкелсек, ал қазір 21,5 млн долларға 212 дана әкелдік.

«Табаны мен үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған аяқ киім» импорты да (су өткізбейтіннен басқа) 137,6 млн доллардан 48,6 млн долларға дейін едәуір азайды. 19,5 млн дана аяқ киімнің орнына «бар болғаны» 6,8 млн ғана әкелінді. Мұнша пластик аяқ киімнің бізге не керегі бар деп таңғалуыңыз да бек мүмкін, әйткенмен бұл санатқа жасанды былғарының да кіретінін ұмытпаңыз. 

«Жанбайтын иіскеуге арналған» никотин өнімдерінің де импорты мүлдем азайды. Әдетте бұларға вейптер мен сол сияқты тауарлар жатады: 88,6 млн доллар еді, енді 3,4 млн доллар болды. Оның себебі де айқын, биыл электронды шылымға тыйым салынды, сондықтан қазір оларды заңды түрде әкелуге болмайды. Ал бұрынғы көлемін түсіндіру үшін мысал келтіре кетейік: 2023 жылы шілдеде бұл санаттағылар барлық Қытай импортының ішіндегі ең ірісі саналатын, тіпті көлік импортын да базып озған болатын.  

Жалпы құлдыраудың жартысына жуығы аталған «антилидерлердің» үштігіне тиесілі, бірақ сатыпалымы қатты азайған басқа да тауарлар бар. 

Мысалы, Қазақстан тұтынушыларының ҚХР-ның түрлі ойыншықтарына деген қызығушылығы да жоғалып бара жатқан сыңайлы. Не болса да, көлік модельдерінен бастап үш дөңгелекті велосипедтерге дейін кіретін ірі санаттағы жалпы импорт 114,3 млн доллардан 40,7 млн долларға дейін бір-ақ түсті. Мысалға алсақ, былтыр 21 млн дана (!) жануарлар түріндегі жұмсақ ойыншықтар әкелінсе, биыл 3 млн-ға жуық әкелінген.  

Қорыта айтқанда, Қытай импортының төмендеуі биыл барлық серіктес елдер бойынша да айтарлықтай байқалып отыр. Дегенмен ҚХР бәрібір біздің ең негізгі жеткізушіміз болып қала бермек. 

Шығыс көршіні есепке алмағанда, Қазақстан импорты биыл төмендеп кетті, демек, Қытайдың үлесі іс жүзінде былтырғы күйінше қалды. Біз тауар үшін шетелге беріп отырған әрбір төртінші доллар әлі де ҚХР-ға кетіп отыр.