ҚР Энергетика министрлігі газ бен бензин бағасын теңестірмек, деп хабарлады Энергетика министрлігі басшысының орынбасары Әлібек Жамауов.

«Бағаны теңестіруге тырысамыз (газ бен бензин бағасын), иә, біздің дәстүрлі отынымыз әрқашан бензин болған, дизельдік отын және жалпы сұйытылған мұнай газы мотор отыны ретінде емес, мұнай химиясы үшін пайдаланылуы керек. Қазір халық сұйытылған мұнай газынан бас тартып, тауарлық газға көшуде. Бұл қазір көлік жүргізушілері пайдаланатын газ. Ол бірте-бірте бензин бағасымен теңестірілетін болады», — деді Жамауов.

Оның айтуынша, билік сұйытылған мұнай газының айналымын қазір «қолмен» реттеп отыр.

«Әзірге, былтыр да, биыл да күрт тапшылық көрген жоқпыз. Менің ойымша, біз тағы бір жыл сол режимде жүреміз, егер шыдасақ, 2026 жылдан бастап Қашаған кенішінен мол өнім аламыз. Тапшылықты жабамыз деп ойлаймын», - деді вице-министр.

Ол газ бағасының одан әрі біртіндеп көтерілетінін мәлімдеді.

«Биыл оны 5-8 теңгеге дейін көтердік, келесі жылы да 10 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Әр өңірдің бағасы әртүрлі. Алматыда 75 теңге қазір, енді 85 болады. Автокөлік жүргізушілері де автогазға белсенді түрде көшуде, бірақ уақыт өте келе, баға бензинмен теңестірілгенде, автокөлік жүргізушілері түсініп, сұйытылған мұнай газына ауысуды тоқтатады», — деді Жамауов.