Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы туралы кеңірек айтып берді.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Ұлттық жобаның мынадай негізгі міндеттері айқындалды: ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру; Қазақстанды отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету; өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту; 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру»,- деді ведомство басшысы.
Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатына қол жеткізу үшін негізгі факторлар айқындалды.Бұлар жоғары сапалы тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, заманауи техника мен технологияны, суармалы егіншілікті және т.б. қолдану.Экспорт көбейеді
«Бұл агроөнеркәсіптік кешен экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту туралы алға қойылған мақсатқа қолжеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық жобаның басымдығы ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеуді қоса алғанда, ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйе қалыптастыру болмақ. Бұл қосылған құны жоғары түпкілікті қазақстандық өнім жасауға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға жол ашады»,- деді спикер береді.
АШМ мәліметінше, жалпы, 5 жыл ішінде 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жылда ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету, осылайша 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру көзделген.Егістік аз
«Биылғы жыл мал азығы аздау болғанын көрсетті, егістерді көбейту керек. Осыған орай әрбір шаруашылық дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру жоспары жасалып, оның орындалуы қадағаланады. Жеңілдетілген несие беру және инвестициялық субсидиялау арқылы жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құруды ынталандыру көзделген. Осы мақсатта да қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жайылым айналымдарын енгізу, сақтау, тамырын және үстіңгі бетін жақсарту есебінен жайылымдардың өнімділігін арттыру жоспарланған. Бұл да Жол картасының маңызды бір бағыты болып табылады. Сондай-ақ, астық өндірушілердің ірі тұтынушыларға құрама жем зауыттарында, т.б. кәсіпорындарда жемдік астықтың бір бөлігін міндетті түрде сату нормасы енгізілмек», - деді министр.
Шараларды іске асыру мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларымен нығайтылады. Нәтижесінде, бұл мал шаруашылығын дамыту тұрақтылығын арттыруға және осы саланың ауа райының ауытқуларына тәуелділігін барынша төмендетуге әкеледі.АШМ мәліметінше, республика бойынша 23,9 млн тонна пішен дайындалды, яғни жоспар 100% орындалды. Сонымен қатар, 1,6 млн тонна пішендеме, 1,4 млн тонна сүрлем, сабан,, құнарландырылған азық дайындау жұмыстары атқарылуда.
Ұлттық жоба аясында техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғасады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы лизингі бағдарламалары кеңейтіледі. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4% – дан 6% – ға дейін артады.
«Тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдарды қадағалау жүйесін құру, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылықтарын қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен техникалық жарақтандыру есебінен дамыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын субсидиялау және агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметі мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру көзделген», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл шаралардың қабылдануы жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін қажеттіліктің 98%-ына дейін, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін 29%-ына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артады.Қант импорты азаяды
«Бұл үшін фермерлік шаруашылықтарға мал сатып алуға кредит беру көлемін ұлғайту, азық өндірісін ынталандыру, шалғайдағы мал шаруашылығын және жайылымдардың инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ селекцияның қазіргі заманғы әдістерін, оның ішінде жасанды ұрықтандыру мен эмбриондарды телуді енгізуді ынталандыру жоспарлануда. Бұл өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылықтарын 100% жүктемені қамтамасыз етуге, сондай-ақ мал мен құстың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Облыстық деңгейде құзыреттілікті дамыту орталықтары және аудандық деңгейде ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтарды жаңғырту есебінен, сондай-ақ фермерлердің біліктілігін қашықтан арттырудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін білім тарату жүйесімен ауқымды қамту арқылы білім тарату жүйесі жетілдірілетін болады. Аграрлық ғылымды қаржыландырудың жеткіліктілігін қамтамасыз ету жұмысы жалғасады, салалық гранттық қаржыландыру енгізіледі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге кешенді талдау жүргізу, перспективаларын бағалау, дамуын болжау үшін министрліктің ахуалдық-талдамалық орталығын құрып, жұмыс істету жоспарлануда», - деді Е. Қарашөкеев.
Ведомство басшысы коронавирус пандемиясы ішкі нарықты қамтамасыз ету басты міндет екенін көрсеткенін атап өтті. Сондықтан басым экспорттық саясатпен қатар, импортты алмастыру мәселелері де кешенді түрде шешіледі. Министрлік ең көп импортталатын позицияларды айқындады, бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант пен балық. Бүгінгі таңда осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар айқындалып, іске асырылуда. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде жеңілдікті несие беру, субсидиялау, жер ресурстарымен, инфрақұрылыммен, ішкі нарықты қорғау шараларымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2024 жылға қарай қантты қоспағанда, осы өнім түрлері бойынша қамтамасыз етілу 100%-ды, ал қант бойынша 80%-ды құрайды.