Соңғы жылдары көпшілік қауым қазақ мәдениетінің құндылығын түсініп, ұлттық қолөнерді жандандыруға ұмтылуда. Нәтижесінде, бүгінде біз мәдени мұраны сақтау тәсілі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерліктің тиімді нысаны болып табылатын этно-бизнеске деген қызығушылықтың өсуін байқап отырмыз. 

Қазақстандағы ең ірі хабарландыру сервисі OLX.kz-тің берген ақпаратына сәйкес, этно-стильде ұсынылған тауарлар мен қызметтердің саны жыл сайын қарқын алып отыр екен. Бұл бағыт киім мен зергерлік бұйымдардан бастап кәдесыйлар мен декор элементтеріне дейінгі тауарлардың кең ауқымын қамтиды және олардың түр алуандылығы да тұрақты негізде артып келеді. Өткен мен бүгінді, дәстүрлер мен инновацияларды біріктіре отырып, бүгінде этно-бизнес өсу мен өрісін кеңейтуге бірегей кеңістік жасайды.

Этно-бизнестің келешегі зор сегменттерінің бірі ұлттық киім, онда өткен жылы әйелдер костюмдері (11 000-нан астам хабарландыру) және әйелдер көйлектері (3 000-нан астам хабарландыру) сатылым көшбасшылары болды. Ұлттық әйелдер киімі Алматы, Ақтау және Астана қалаларында ерекше сұранысқа ие, ұсыныстар саны бойынша басқа қалалардан бірнеше есе алда келеді.

Ерлер киімі, атап айтқанда шапандар азырақ ұсынылған (шамамен 1500 хабарландыру), олар негізінен Алматы, Астана және Қарағандыда сұранысқа ие. Жалпы, ұлттық киімге Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың сұранысы артып отыр, хабарландырулар саны 18 000-нан асады.

Ұлттық ерлер мен әйелдер аксессуарлардың танымалдығы артып келеді. Мысалы, тақия (750-ден астам хабарландыру) және төбетей (500-ден астам хабарландыру) этно-стильдегі ең сұранысты бас киімдерге айналды. Олар бүкіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие болғанымен, ұсыныстар саны бойынша Алматы, Астана және Ақтау қалалары көшбасшы болып отыр.

Шекелік (400-ден астам хабарландыру) және шашбау (300-ге жуық хабарландыру) сияқты көне әйелдер әшекейлері қайта жаңғыруда, олар Алматы, Астана және Ақтауда ең танымал болды. Этно стильдегі корсеттерге де (500-ге жуық хабарландыру) сұраныс артты, олар Алматы, Астана және Қарағанды тұрғындарының арасында жоғары сұранысқа ие.

Нарықтағы дәстүрлі заттармен қатар этникалық стильдің заманауи интерпретациялары пайда бола бастағаны назар аудартады. Қазақтың дәстүрлі мотивтері мен заманауи дизайнды үйлестіре отырып, олар жас ұрпақтың назарын аударатын және сатып алу аудиториясын арттыратын ұлттық колориттің бірегейлігін сақтайды. 

Егер интерьер заттары туралы айтатын болсақ, онда бүкіл Қазақстанда көпшілік қалауы рейтингінде бірінші орынды көрпе алады (6 000-ға жуық хабарландыру), ұсыныстардың ең көп саны Алматы, Астана және Шымкент қалаларында. Ұлттық стильдегі картиналар интерьер дизайнындағы жаңа бағыт десе де болады, бүгінгі таңда OLX.kz-те 30-дан астам хабарландыру бар, алайда өзінің бірегейлігі мен шынайылығы себепті олардың елімізде де, шетелде де танымал болуына барлық мүмкіндігі бар.

Көріп отырғанымыздай, этно-стильдегі тауарлар Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында үлкен сұранысқа ие. Бұл этно-бизнес мегаполистер шеңберімен шектелмейтінін және еліміздің барлық өңірлерінде даму әлеуеті бар екенін көрсетеді. Дегенмен, бұл салада табысқа жету үшін сапалы өнімдер жасау, тұтынушылардың қажеттіліктерін түсіну және ілгерілету үшін әлеуметтік желілер, OLX.kz сынды танымал жарнама қызметтері, көрмелер мен жәрмеңкелер сияқты әртүрлі арналарды пайдалану қажет.

 Мәдени мұраны сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру және ұлттық брендтерді ілгерілету - этно-бизнес әкелетін артықшылықтардың бірен-саран бөлігі ғана. Бизнес-қоғамдастықтың қолдауымен және белсенді қатысуымен кәсіпкерліктің бұл түрі экономикалық өсудің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар әлемдік аренада қазіргі Қазақстанның бейнесін қалыптастырудың негізгі элементі бола алады.