Екі жыл ішінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының зерттеушілеріне 8 грант берілді. Бұл ҚБТУ, ҚазҰУ, КазГЮУ, AlmaU, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы және басқалары. Іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Бұл туралы ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтып берді, деп хабарлайды Naryk.kz.
«Ұлттық Банк таңдалған зерттеу тақырыптарын көрсете отырып, өз сайтында өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жариялайды. Ізденушілердің өтінімі электронды форматта қабылданады және онда зерттеу тобының мүшелері туралы мәлімет, болжамды зерттеудің аннотациясы, жұмыс жоспары мен шығыс сметасы қамтылады», – деді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, өтінімдерді зерттеу тобы мүшелерінің құзыреттілігі мен ғылыми потенциалын, ұсынылған зерттеу әдістемесін, жоспардың іске асырылу барысын, шығыс сметасының негізділігін бағалайтын тәуелсіз рецензенттер қарайды. Өтінімді мақұлдау және грант беру туралы түпкілікті шешімді ҚҰБ қызметкерлерінен тұратын Комиссия қабылдайды. Оған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан қор биржасының және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері кіреді.
«Бағдарлама іске қосылған екі жылда үй шаруашылығындағы борыштық жүктеменің қаржылық тұрақтылыққа әсері, бағалы қағаздар нарығында инвесторларды қорғау, еңбек нарығындағы сұраныстың икемділігі, орталық банктің дербестігі мен инфляция бойынша мақсатқа қолжеткізу арасындағы байланыс, импортты алмастыру мен әртараптандыру шараларының нәтижелілігі және бюджет шығыстары сияқты мәселелерді зерделеуге гранттар берілді», – деді Виталий Тутушкин.