Тамыз айының қорытындысы бойынша теңге 3 % құнсызданып, бір доллар үшін 459,39 теңгені құрады. Қазақстан қор биржасындағы орташа күндік сауда көлемі бір айда 146 млн доллардан 158 млн долларға дейін өсті. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,5 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
«Тамызда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сату 770 млн долларды құрады. Ұлттық қордан түскен сату үлесі жалпы сауда көлемінің 22% құрады және күніне 35 млн доллардан аспады. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операцияларды жүзеге асыру кезінде шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды көздейтін нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», - делінген монетарлық реттеуші таратқан хабарламада.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында тамызда Ұлттық Банк жалпы сомасы 240 млн АҚШ долларын немесе 7%-ға жуық валюталық аукциондарда шетел валютасын сатып алуды жалғастырды.
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДҚ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту үшін Ұлттық банк тамызда 93 млн долларға шетел валютасын сатып алды.
Ұлттық банк тамыз айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.
Тамызда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерді міндетті түрде сатуы бойынша норманың жұмысы тоқтатылды. Өткен айда осы ереженің қолданылу кезеңінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсім сатуы шамамен 36 миллион долларды құрады.
ҚҰБ қыркүйекте Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферттерді бөлуге берген өтінімдеріне байланысты болатынын хабарлады. Қаржы министрлігінің қажетті трансферттер көлемі бойынша қолда бар болжамды нұсқауларына сүйене отырып, Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан 1,1-1,2 млрд доллар валюталарды сатуды жоспарлап отыр.
Қыркүйек айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін шетел валютасын сатып алу 200-250 млн доллар, Қор активтерінің валюталық үлесін ұлғайту үшін шетел валютасын сатып алу 50-100 млн доллар болмақ.