«Қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін, табыс салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 294-бабы 1) тармақшасын қолдану мақсатында қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін, табыс салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Осыған байланысты «Қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін, табыс салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы» бұйрықтың жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 294-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы бұйрық қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін, табыс салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін қарастырады.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12178213 14.10.2021ж. орналастырылған.
2021 жылғы 28 қазанға дейінгі мерзімде Бұйрық жобасын жария талқылау өткізіледі.