Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіріледі, дейді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, біз 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін жеткізуіміз қажет. Суармалы егіншілік негізгі су тұтынушы болып отырғанын айта кету керек. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің алаңы 1,6 миллион гектарды құрады. Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Осылайша, суармалы жерлердің алаңы 2,2 миллион гектарға дейін жеткізілетін болады», - деді С. Брекешев.
Суармалы егіншіліктің ағымдағы жай-күйіне тоқталсақ, су тартудың барлығын алғанда 12,1 текше километр тұрақты суаруға келеді. Оның ішінде 11,8 текше километр 4 оңтүстік облысқа тиесілі: 1,25 млн гектар суармалы алаңы бар Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары қамтылған. Яғни, бұл суаруға арналған су тартудың 97% пайызы және ел бойынша барлық суармалы алаңның 78% пайызы. Бұл ретте, осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң республика бойынша 248 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4 пайызы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген.
Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаңдар 450 мың гектарға дейін жеткізілмек.
Министрдің айтуынша, осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң республика бойынша 248 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4 пайызы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген.
«2025 жылға қарай Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаңдарды 450 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жыл сайын 1,5 текше километр көлемінде суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, алаңдарды анықтай отырып, барлық облыстар бойынша су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді және бекітуді ұсынады», - деді С. Брекешев.