2023 жылы Қазақстанда компьютер ойындарын жасау қызметінің көлемі 21,2 млрд теңгеге жетті, бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштерінен 11 есе артық (2022 жылы – 1,9 млрд теңге). Осы кезеңде елімізде ұсынылған IT-қызметтердің жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 46,3% артық (946,2 млрд теңге).
Барлық IT-қызметтердің басым бөлігі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге бағытталған – 383,9 млрд теңге, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы басқа да қызмет түрлері – 283,6 млрд теңге, ал қосымшаларды орналастыру және олармен байланысты қызмет көлемі 229 млрд теңгені құрады.
Өңірлік бөліністе IT қызметтердің негізгі үлесі, яғни 87,5% Алматы (718,6 млрд теңге) және Астана (493,7 млрд теңге) қалаларының компанияларына тиесілі.
Резидент еместерге көрсетілген IT-қызметтердің ішінде негізгі қызмет алушылар АҚШ (60,6 млрд теңге), Ресей (42,7 млрд теңге) және Ұлыбритания (34,4 млрд теңге) болды. Айта кету керек, ойын жасау бойынша көрсетілген қызметтердің 74,7% шетелдіктерген көрсетілген, оның ішінде ең ірі тапсырыс беруші Ирландия (14,5 млрд теңгеге).