Astana International Exchange биржасы Freedom Holding Corp жай акциялары AIX-тің ресми тізіміне енгізілгенін хабарлайды.
Акциялар (ISIN: US3563901046) «FRHC» тикерімен саудаланады, ал баға белгілеулер мен есеп айырысулар АҚШ долларымен жасалады. Акциялар Nasdaq Capital Market пен AIX арасында толығымен өзара алмасымды.
Freedom Holding Corp. қаржылық қызметтер ұсынатын, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен, инвестициялық консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен айналысатын әртараптандырылған компания болып табылады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 6000-нан астам қызметкері бар. Freedom Holding Corp. компаниясының штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан, ал оның бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және Әзірбайжан сияқты 20 елде орналасқан.