Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4% қысқарды.
Айтарлықтай төмендеу Ұлытау облысында, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады. Бұл туралы бүгін 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралған үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті.
«Биыл қаңтар-ақпанда 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4% аз. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің айтарлықтай төмендеуі Ұлытау облысында, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады. Ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысы мен Астана қаласында байқалады», - деді ол.
Құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемі 2,7 есе өсті.
Еске салайық, 2024 жылғы ақпан-қаңтар аралығындағы бір айда жаңа тұрғын үй құны 0,4%, қайталама тұрғын үй – 1,7%, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу – 1,2% өскені бұрын хабарланған болатын.