Халықтың банктерден алған несиелері былтырғы қарашамен салыстырғанда 38,7% көбейіп 9,93 трлн теңгеге жетті. Соның ішінде 5,77 трлн теңге тұтынушылық несие. Былтырғыдан 35,1% көп.
Ең көп сұранысқа ие несие түрі кепілзатсыз тұтынушылық несие. Қазір елдегі 22 банктң 13-і осындай несие береді.
Мұндай несие бойныша ең төменгі пайыз Bank RBK банкінде. Оның пайызы 8,27%.
Пайызы төмен банктердің қатарында бұдан бөлек Сбербанк (8,38%) пен Halyk Bank (10,4%) бар. Алайда олардың МТСМ көлемі 17,49%.
Пайызы төмен банктердің рейтингінде үздік үштіктен кейінгілер былай: ВТБ мен Еуразиялық банкі 16,10%, Альфа-Банк 16,20%, Хоум кредит банкі 18%, Жусан банкі 18,50%, Алтын банкі 21,80%, Форте банкі 22,96%, Банк ЦентрКредит 25%, Нұрбанк 28,20%. Каспи банкі туралы дерек жоқ.
Халықтың ең көп пайдаланатын шарты 60 айға дейінгі қарыздар. Мұндай мерзімге 10 банк қарыз береді.
Ең көп сома 7 млн теңге. Осындай соманы бере алатын 6 банк бар.