Қазанда үй саудасы күрт азайды

2026 жылғы қазанда Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 31 864 мәміле тіркелді. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 10% аз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Өңірлер арасында үй саудасы ең қатты өскен — Қызылорда облысын. Мұнда көрсеткіш бір айда 38,7% артқан. Қостанай облысында өсім 13,5%, Атырау облысында 2,9% болды.

Ал ең үлкен төмендеу Батыс Қазақстан облысында (-21,2%), Ұлытау облысында (-18,6%) және Алматы қаласында (-16,3%) тіркелді.

Былтырғы қазанмен салыстырғанда биыл қазанда үй саудасы 22,8% азайды.

Жылдық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім Қызылорда облысында тіркелді – 52,6%. Ал ең үлкен төмендеу Астанада байқалды – 41,6%.

Жалпы, 2026 жылғы қаңтар-қазан аралығында тұрғын үй мәмілелерінің саны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% азайған.