Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-тамызында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жөнелтілген жүк көлемі 12% өскен.
Транскаспийлік көлік бағыты бойынша тасымалданған жүк көлемі 80% артты. Ең үлкен өсім – 53% – мұнайды ауыстырып тиеуде байқалады. Паромдық тасымалдаудың өсуі – 12%.
Министрлік 2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Semurg Invest компаниясы Abu Dhabi Ports Group компаниясының қатысуымен салған Құрық портындағы жаңа астық терминалынан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Қазтеңізкөлікфлоты» (ҚМГ еншілес кәсіпорны) мен ADP танкерлерінің бірлескен пулы төрт кемеден тұрады. Биылғы жылдың соңына қарай үш ADP танкерімен толықтырылады деп күтілуде, атап айтқанда, 2 Aframax (115 000 двт) және 1 Suezmax (130 000 двт).