Биыл Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Құжат Ақтау және Құрық порттарының базасында ірі теңіз көлік-логистикалық кластерін құруды көздейді. Сондай-ақ Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмысы қолға алынады.

Биыл 6 айда ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 65% артып, 2,1 млн тоннаны құрады. Жобалардың негізгі үлесі жеке инвестициялар есебінен іске асырылатын болады.