2020 жылдың мамыр айының ортасындағы дерек бойынша Қазақстандағы кәсіпорындардың жалпы сан 62,3 мың жұмыскері жұмыссыз қалған немесе жарты күндік жұмысқа ауыстырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, 2020 жылдың 15 мамырында 5,1 мың кәсіпорынның жалпы саны 318,4 мың жұмыскерінің 62,4 мыңы жұмыстарынан шығарылған немесе жарты күндік жұмысқа ауыстырылған. Соның ішінде 40,5 мыңы ақысыз еңбек демалысына кетсе, 13,7 мыңы ақылы еңбек демалысына кеткен.
"Аталған көрсеткіштің ішінде ең жоғары үлес қонақүй және тамақтану, өнер, демалыс және көңіл көтеру, көтерме және бөлшек сауда секілді салаларға тиесілі", - деп хабарлады министрлік.
Жұмыстарынан айырылған немесе жарты күндік жұмысқа айырылғандардың саны ең көп өңір Алматы облысы мен Алматы қаласы.
Ақысыз еңбек демалысына ең көп кеткен Алматы облысы болса, ақылы демалысқа шыққандар саны ең көп Атырау облысында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 3 мыңнан астам бизнес субъектілері несиелерін төлей алмай жатқанын хабарлаған едік.