2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстандағы зейнетақы активтерін басқарушылардың үшеуі инфляциядан жоғары инвестициялық табыстылық көрсетті. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) деректерінде айтылған.
Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) табыстылығы мынадай болды:
Centras Securities — 11,87%;
BCC Invest — 7,59%;
Halyk Finance — 7,41%;
Инфляция — 7% (қаңтар–қыркүйек);
Halyk Global Markets — 5,82%;
Alatau City Invest — 5,69%;
БЖЗҚ — 2,91%;
Tansar Capital — 0%.
Осылайша, Centras Securities, BCC Invest және Halyk Finance инфляция деңгейінен жоғары табыс көрсетті. Қалған басқарушылардың инвестициялық табыстылығы инфляциядан төмен болды.