Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша төлем балансының алдын ала бағалауын қалыптастырды, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Төлем балансының ағымдағы шоты 1,6 млрд АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасты. 2022 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 4,8 млрд АҚШ доллары көлемінде профицит тіркелді.
Ағымдағы шоттың оң деңгейден теріс аймаққа ауысуы, ең алдымен, сауда балансы профицитінің төмендеуіне байланысты. Ол 58,3% немесе 7,1 млрд АҚШ долларына төмендеп, 5,1 млрд АҚШ долларын құрады. Профициттің төмендеуі тауар импортының ұлғаюы аясында экспорттың қысқаруына себеп болды.
Төлем балансының әдістемесімен қалыптасқан тауар экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% қысқарып, 18,8 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорттың төмендеуі мұнай мен газ конденсатының экспорты 25,7% немесе 3,5 млрд АҚШ долларына қысқаруына себеп болды.
Төлем балансының әдістемесімен қалыптастырылған тауар импорты 41,4% өсіп, 13,7 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл – келіп жатқан импорттың барлық санатының өсуіне байланысты. Ең көп өсім азық-түлікке жатпайтын тұтыну (67,2% немесе 1,4 млрд АҚШ доллары) және инвестициялық тауарларда (61,7% немесе 1,1 млрд АҚШ доллары) байқалды.
Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі есепті кезеңде 7,5% (немесе 0,5 млрд АҚШ долларына) азайып, 6,1 млрд АҚШ долларын құрады.
Қаржы шотында (резервтік активтерді қоспағанда) 0,7 млрд АҚШ доллары көлеміндегі оң сальдо (таза әкету), негізінен, мемлекеттік сектордағы операциялар есебінен қалыптасты.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, резервтік активтер (Ұлттық қордың активтерін қоспағанда) 36,2 млрд АҚШ доллары бағаланды. Бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортының 6,9 айындағы қаржыландыру қажеттілігін жабады.