2022 жылы теңіз арқылы жүк тасымалы 1,1 млн тоннадан асты, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылы теңіз арқылы 1 193,7 мың тонна тасымалданған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8% артық. Анықталғандай, 2021 жылы бұл көрсеткіш 812,9 мың тоннаны құрады.
Теңіз көлігіндегі жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм құрады, бұл өткен жылғы 552,8 млн ткм болғанмен салыстырғанда 23,3% артық.
Теңіз көлігімен 89,2 мың адам тасымалданған.
Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген.